№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл
Нұрсайын ШӘРІП,
“Солтүстік Қазақстан”.
Кеше облыстық әкімдікте “Іс жүргізудің заманауи нысандары мен технологияларын тиімді пайдалану арқылы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру” тақырыбында семинар-кеңес болып өтті. Оған аудан әкімдері аппараттарының басшылары мен жалпы бөлім меңгерушілері, ведомстволар мен ұйымдардың әкімшілік-шаруашылық бөлімдерінің жетекшілері қатысты.
Семинар-кеңесте ҚР Президенті Әкімшілігінің және Премьер-Министрі Кеңсесінің құжаттарын бақылауды ұйымдастыру және облыс басшылығы тапсырмаларының орындалу сапасы, облыс әкімі аппаратында құжат айналымын жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс, жергілікті атқарушы органдардың кадрлық іс жүргізу жұмысындағы проблемалық мәселелер жайлы облыс әкімі аппараты бақылау және ақпарат секторының меңгерушісі Людмила Печенкина, қызметтік хат-хабарды өңдеу жөніндегі сектордың меңгерушісі Бәтес Уәлиева, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің СҚО бойынша басқармасы бастығының орынбасары Светлана Зайцева хабарламалар жасады. Облыс әкімі аппараты азаматтарды қабылдау, электронды мемлекеттік қызметтер, тілдерді дамыту басқармасы бөлімдерінің бастықтары, прокуратура қызметкерлері қаралып отырған тақырып бойынша ой қозғап, жиналғандардың сауалдарына жауап берді.