«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қымбатты ардагерлер!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

№ 116 (21333) Сенбі, 29 қыркүйек 2012 жыл

1991 жылдан бастап БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімі бойынша жыл сайын Халықаралық қарттар күні атап өтіледі.
1 қазаннан бастап зейнеткерлерді, аз қамтылған қарт азаматтарды қолдау жөнінде айлық жарияланды.
Облысымызда 90 мыңнан астам зейнеткер тұрады.
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, тыл еңбеккерлері, еңбек ардагерлері тәуелсіз Қазақстанның экономикалық, саяси және рухани қалыптасуына орасан зор үлес қосты.
Президенттің тірегі болып табылатын аға ұрпақ өкілдері облыста ардагерлер қозғалысын дамытуға, сондай-ақ жастарға адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге белсене қатысады.
Адал, риясыз еңбектеріңіз үшін Сіздерге мың да бір рахмет!
Қымбатты ардагерлер, Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, жақсылық, амандық-саулық, туған-туысқандарыңыз бен жақындарыңыздың назарында болуларыңызды тілейміз!

Облыстық ардагерлер кеңесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp