Тілеген ҚАСКИН,
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің СҚО бойынша басқармасының бастығы – Тәртіптік кеңестің төрағасы.
Жаңа кадр саясатын жүзеге асыру және мемлекеттік қызмет қызметкерлері құрамын басқару жүйесінің тиімділігін қалыптастыру үшін мемлекеттік органдардың кадрлық қызметтерінің іс-әрекеті типтік ереже негізінде жүзеге асырылады, атап айтқанда, мемлекеттік органдағы кадрлық қызметтің құрылымы, саны, іс-әрекет аясы мен міндеттері, сол сияқты тиісінше әдістемелік ұсынымдар айқындалады.
Кадр қызметі міндеті жүктелетін мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің басшыларын немесе лауазымдық тұлғаларын тағайындау мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органмен келісілетін болады.
“Е-қызмет” жүйесінің қолданысқа енуі мемлекеттік органдардың кадр қызметтеріне үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес қызметкерлер құрамын басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттік органдардың кадр қызметтерінің жұмыс өнімділігін арттыруға және ақпаратты алу мен өзекті етуге жұмсалатын уақытша және еңбек шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
“Е-қызмет” жүйесі онлайн режімінде орталық және өңірлік деңгейде мемлекеттік қызметкерлерге қатысты толық кадрлық ақпарат алуға жағдай жасайды: жеке-дара деректер, ұйымдық мәліметтер (кадрлық есеп), кәсіби және жеке әлеуеті туралы мәлімет, білімі, біліктілігі, еңбек өтілі, кәсіби тәжірибесі, бағалау және аттестациялау нәтижелері, ауысуларына жедел мониторинг, оқудан өткендігінің жедел есебі, курстардың мерзімі мен та-қырыптары, марапаты және әкімшілік, тәртіптік жауапқа тартылуы туралы мәліметтер, мемлекеттік қызметшінің сыбайлас құқықтық заң бұзушылығы туралы құқық қорғау және сот органдарының мәліметтері.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламалық мақаласында қоғамды түбегейлі өзгертетін өзекті мәселелердің кең ауқымын қозғады. Олар мемлекет жүйесін жетілдіру, азаматтық қоғам институттарын әрі қарай дамыту, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін нығайту мәселелері.
Президент саясатының басты жол көрсетушілері – мемлекеттік қызметшілер. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби шеберлігі тұрғындарға дер кезінде және сапалы қызмет көрсетуінен көрінеді, олар тез өзгеретін өмірден қалып қоймауға, болып жатқан өзгерістерді үнемі қадағалап, оған сараптама жасап отыруға, болашаққа болжам жасай білуге тиіс. Тек осындай жағдайда ғана жұмыста жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Тұрғындардың өмір сүру деңгейін тиімді және сапалы ете түсу үшін мемлекет пен азаматтардың өзара қарым-қатынасында болатын өзгерістерге, оның ішінде шетелдің озық тәжірибелерін енгізу негізінде баға беру қажет.
Қоғамның дамуы, бүгінгі күннің үнемі өзгеріп отыратын жағдайлары мен талаптары “Электронды үкімет” құруға және енгізуге итермеледі, соған орай Елбасы атап айтқандай, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын және оларды бақылау жүйесін енгізуге кірісу қажет.
Мемлекеттік қызметке баға берген кезде олардың тұрғындарға қолжетімділігі және көрсетіліп отырған қызметтің тұрғындарды қаншалықты қанағаттандыратындығы бәрінен бұрын маңызды саналады. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қоғамдық бақылау, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бағалау және мониторинг жүргізу кезінде азаматтық сектормен ынтымақтастық, қоғамдық пікірді тыңдау, жүзеге асырылатын мемлекеттік тапсырыстарға қатысу мүмкіндігі, мемлекеттік органның қызметіне айқын баға беру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыным жасаудың да маңызы кем емес.
Аумақтық басқарма жыл сайын мемлекеттік органдардың тұрғындарға дер кезінде және сапалы қызмет көрсетуіне тексеріс жүргізіп отырады. Алайда, мемлекеттік қызметті тікелей алатын азаматтың өзінің (тұрғындардың) қатысуға араласпауы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына толық баға беруге және орын алған кемшіліктерді анықтауға кедергі келтіретіндігін атап айту керек.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін ретке келтіретін нормативтік-құқықтық база барда оның қазіргі жағдайға сәйкестігіне баға беру қажет, алайда осы саланы ретке келтіруде бірыңғай көз-қарастың жоқтығы және мемлекеттік қызмет көрсету саласында қатысушылардың өзара қарым-қатынасының маңызды тәртібін, олардың құқығы мен міндеттерін ретке келтіретін басқа заңнамалық құқықтық нормалардың болмай отырғандығы бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсету саласында бір құқықтық норманы белгілі жағдайда қайталау орын алуда. Бұдан басқа негізгі түсініктерді анықтауда нақтылықтың жоқтығы байқалады. Мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдаланатындардың көзқарасы бойынша заңсыздық немесе құзыретсіздік орын алған жағдайда мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекетіне шағымдану тетігі мен тәртібі қарастырылмаған. Мемлекеттік органдар мен жекелей лауазымды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша міндеттерін дұрыс орындамауына жауапкершілік ұстанымы жұмыс істемейді.
Орындаушылардың қызығушылығына қарай мемлекеттік қызмет көрсетуді пайдаланушылардың ақпараттану, мемлекеттік қызмет көрсетуде стандарттарды әзірлеу кезінде “кері байланыс” және басқа ұстанымдарды пайдалану қызмет көрсетушілерді тұтынушыларға барынша жақындатуға, қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыруға, сол сияқты өкілетті мемлекеттік орган мен жұртшылық тарапынан қызмет көрсетудің сапасына бақылаудың дәйекті жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет көрсетудің тәртібіне басты талап қойылатындықтан, аса зор маңызға ие. Өйткені, стандарттар мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін, қызмет көрсету мерзімін, жағдайын белгілейді, мемлекеттік қызмет беретін ұйымдарды көрсетеді және т.б. Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты негізінде алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына негізделген шағым беру құқығын иеленеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті ұйым ішінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін бақылауға мүмкіндік беріп, оны сапалы және тиімді жүргізу деңгейін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет алу кезінде кезеңдерді дәл анықтау және нақтылау мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне бірыңғай талап қою үшін негізге алынады және қажетті саналады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мемлекеттік сектор қызметкерлері құрамының сапасын көтеруді талап етеді. Мемлекеттік қызметшілерге қазірдің өзінде өте жоғары талап қойылуда.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын енгізу, тұтынушы-клиенттерге мемлекеттік аппарат қызметінің бейімделуі тұрғындармен тікелей байланыста аса сапалы деңгейде жұмыс істеуді қажет етеді. Қазіргі уақытта бұл жағдай мемлекеттік қызметшілерге ұсынылатын біліктілік талаптарына енгізілуде.
Мемлекеттік қызмет қызметкерлері құрамының жұмысын бағалау, мемлекеттік қызметшілерді оқыту – барлық осы шаралар жүргізілуде және олар азаматтарға сапалырақ қызмет көрсетуге бағытталған.