«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.10.2012

СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫНА қанағаттанарлық баға берілді

Ләйла ЖАНЫСОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Облыстық сотта Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалау сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов өңір тілшілерімен кездесіп, құқық саласының бүгінгі жағдайы туралы әңгіме өрбітті. Жиын барысында ол облыстық соттардың жұмысын үнемі бақылауда ұстау үшін мониторинг жүргізіп тұратындықтарын айтты. Ондағы мақсат облыстық соттар жұмысының жақсы жақтары болса, оны басқа соттарға енгізу және …

СОТ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫНА қанағаттанарлық баға берілді Read More »

ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МЕРЕКЕ

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,“Солтүстік Қазақстан”. Биыл еліміз тұңғыш рет Президент күнін атап өткелі отыр. Қазақстандықтар үшін бұл – маңызды оқиға. Өйткені, барша халық өз Елбасын мақтан тұтпай ма?! Сонымен бірге бұл атаулы күннің халықаралық қауымдастық үшін де маңызы ерекше. Біздің бұлай нық сеніммен айтуымызға Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірлік және жаһандық қауіпсіздікке зор үлес қосып, бар …

ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ – БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ МЕРЕКЕ Read More »

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ – ШЫНАЙЫ ӨҢІРЛІК ҮРДІС

Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. 1996 жылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Еуразиялық Ұлттық университетке есімі берілген Лев Гумилевтің туғанына биыл 100 жыл толады.Елбасы Тәуелсіздіктің жиырма жылынан бері тату көршілік, тең құқықтық және адал әріптестік ТМД елдерінің экономикалық бірігуі үшін қажетті шарттар екенін үнемі атап өтіп келеді. Тек осы негізде ғана бірлескен көлік жобалары, инновациялық үлгідегі ғылыми-техникалық …

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ – ШЫНАЙЫ ӨҢІРЛІК ҮРДІС Read More »

ҰЖЫМ ҰЙЫТҚЫСЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӘУЛЕТТЕР

Наталья ЕРЕМЕНКО,журналист. Биыл барлық өлшемдерге қарағанда егіннің шығымдылығы былтырғы жылғыдан кем болмауға тиіс еді. Алайда, күннің аптап ыстығы мен ала жаздай бір тамбаған жаңбырдың салдарынан өскіндер жетілмей жатып, семіп қалды. Әсіресе, ерте егілген егін қурап кетті. Алайда, осындай қиын жағдайларға қарамай, аудан диқандарының уақытымен және сапалы жүргізген агротехникалық шаралары өз нәтижесін берді. Астық шығымдылығы жаман …

ҰЖЫМ ҰЙЫТҚЫСЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӘУЛЕТТЕР Read More »

ҰСТАЗ МЕРЕЙІ АСҚАН СӘТ

Бұрнағы күні Петропавлдағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Өңіріміздің білім беру саласының қызметкерлерін облыс әкімі Серік Біләлов құттықтады. Ләйла ЖАНЫСОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Салтанатты шара барысында ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтаған облыс әкімі Серік Біләлов қашанда мұғалім мамандығы қоғамымызда ерекше орын алып келе жатқанын айтты. Мұғалімнің жаны мейірім мен ізгілікке, адамгершілікке толы …

ҰСТАЗ МЕРЕЙІ АСҚАН СӘТ Read More »

ЕЛ ҮЗДІГІ АТАНУДАН ҮМІТКЕР кәсіпорындар аз емес

Үстіміздегі жылғы “Алтын Сапа” байқауы жеңімпаздарын анықтайтын күн жақындап келеді, сөйтіп Қазақстанның алтын сапа тізімі жаңа есімдермен толыға түсетін болады. Алина БЕЛОГОНОВА,Облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің жетекші маманы. Елбасы қатысатын осы ауқымды байқау шарасында ел жұртшылығының сапа саласындағы “Алтын Сапа” және “Қазақстанның үздік тауары” республикалық байқауларының жеңімпаздарын білуінің өзінде үлкен символикалық мән бар. Неге …

ЕЛ ҮЗДІГІ АТАНУДАН ҮМІТКЕР кәсіпорындар аз емес Read More »

КАПИТАН ЖҮКЕНОВ – болашағы зор қызметкер

Динара САҒЫНДЫҚОВА,  СҚО ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы. Ертең – Қылмыстық іздестіру күні. Алайда, осындай атаулы мерекеде де жедел уәкілдерге тыным жоқ. Олар демалыстың не екенін ұмытқан жандар десек, артық айтқандығымыз емес. Мүліктік қылмыстар бөлімінің бастығы, полиция капитаны Әсет Жүкенов мереке күні өзге әріптестерімен бірге салтанатты шарадан соң әдеттегідей кезекті қылмыс оқиғасы орнына аттанады. Әсет …

КАПИТАН ЖҮКЕНОВ – болашағы зор қызметкер Read More »

АЯҒАН ХАҚЫНДА ДЕРЕКТІ ЛЕНТА

Өмір ШАЛАБАЙҰЛЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Ш. Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясының түсіру тобы артына өлмес мол мұра қалдырған дарынды жерлесіміз Аяған Шәжімбаев жайлы фильмге арқау боларлық деректер жинау мақсатымен облысымызда болды. Оны белгілі кинорежиссер, Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі Дархан Қожахан бастап келіп, төрт күндік жұмыс сапар барысында Аяған оқыған мектепке, аты берілген көшеге ат басын тіреді. Марқұмның …

АЯҒАН ХАҚЫНДА ДЕРЕКТІ ЛЕНТА Read More »

ҰЛЫ МАҒЖАН ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛЕДІ

Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған “Слышишь, судьба” атты хроникалық-қойылымдық деректі фильмнің жалғасын түсіру мақсатында өңірімізге келген алматылық “Тұран-фильм” студиясының өкілдері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз мәслихатын өткізді.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. – Фильмде Мағжанның адами құндылықтары, оның еліміздің мәдениетіне, әсіресе, әдебиеті мен тарихына қосқан үлесі толықтай көрсетілмек. Мәскеу қаласындағы мұрағаттарда сақталған 1920-1930 жылдардағы хроникалық …

ҰЛЫ МАҒЖАН ТУРАЛЫ ФИЛЬМ ТҮСІРІЛЕДІ Read More »

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ

Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы, адам үшін білім, білік, мәдениет, өнер бастауы. Тіл құдіретін сезіне білу, сөз мағынасын келістіріп құбылту, оны дұрыс қолдану, дәл түсіну, тіліне жаны ашығандардың басты ісі. Жас ұрпаққа туған тілдің қыры мен сырын ғылыми негізде ұқтыру – бүгінгі күннің басты талабы.  Мектебімізде қазақ тілінің жарқын болашағы үшін күресте айрықша …

ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ Read More »

ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕП, құрметке бөленген жан

Назгүл Үмітбаева Баян орта мектебінде 15 жыл бойы химия мен биология пәндерінен сабақ береді. Жоғары сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру үшін балалардың танымдық ізденімпаздығын дамытуға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар жүйесін өзі әзірлейді. Ұстаз пәнін жақсы меңгеріп, өзінің білімін жетілдіруде аянбай, тынбай еңбек етіп, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Назгүл Маратқызы оқушылардың бойындағы жеке қасиеттерді дамыту және …

ЖАҢАШЫЛДЫҚПЕН ЖҰМЫС ІСТЕП, құрметке бөленген жан Read More »

БАЛА ТӘРБИЕСІ ОЙЫН ЕМЕС!

Ертеде көнекөз қариялар бала тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Өз отбасымызда дастарқан басында айтылатын ақыл-кеңесті бала кезімізде тыңдап, үлкеннің айтқанын орындап, қарсы сөз айтуға мұрша болмайтын. Ал бүгін жағдай мүлде басқаша. Басқа өмір, басқа қоғам, басқа ниет. Сенің мына қылығың адамға жат, қоғамға жат деп тыйым жасау қайсыбір отбасыда жоқ. Әрбір күнін таңнан кешке дейін ертеңгі …

БАЛА ТӘРБИЕСІ ОЙЫН ЕМЕС! Read More »

ЧЕМПИОНДАР ҰСТАХАНАСЫ

…Осынау байырғы гимнастика залында жиі боламын. Өткен жылдардағы түлектердің есінде тамаша сақталған, 60-шы жылдардың басында салынған спорт залын қазір осылай атайды. Сол кездегі пединституттың ректоры Вагинак Арутюно-вич Цатурян мамандығы бойынша математик болса да, спортты жақсы көретін және гимнастикалық снарядтарда жаттығу үшін спорт залына жиі келетін. Көптеген пединститут түлектері осы күнге дейін оқу орнын жағымды жағынан …

ЧЕМПИОНДАР ҰСТАХАНАСЫ Read More »

БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС, ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ – Балғаным Оспанованың ұстанымы осындай

“Құрмет белгісі” орденді А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика институтының филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тамамдаған Балғаным Оспанова сонау батыстан теріскейге келіп, Қызылжар өңірінің дәмін татам, отын оттап, суын ішем деп ойламаған да болар. Оның бәріне де Құдай қосқан қосағы, солтүстіктің тумасы Кемел Қарашаұлы себепкер болды. Екеуі қол ұстасып, отау құрғалы облыс орталығында қалап …

БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС, ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ – Балғаным Оспанованың ұстанымы осындай Read More »

БІЛІМ мен ЕҢБЕК ҰШТАССА…

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің әр Жолдауында, әр сөйлеген сөзінде еліміздің білім беру саласына, жастарымыздың білімді болып өсуіне көп көңіл бөліп келеді. Президентіміз бұдан 15 жыл бұрын халыққа ұсынған алғашқы Жолдауында: “2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады”, – деген еді. Бүгінгі күні осы айтылған сөздерінің орындалғанын өз …

БІЛІМ мен ЕҢБЕК ҰШТАССА… Read More »

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ҮЙРЕТЕРІ МОЛ

Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Ол арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын – бір қарағанда қарапайым құбылыс немесе әрекет іспетті. Алайда, мазмұндық, рөлдік ойындардың баланың зейінін, қиялын қалыптастырудағы маңызы зор. Ал белгілі бір ережелерге құрылған ақыл-ой ойындары баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінін арттырумен қатар, ерік-сезімін дамытады.Ұлттық ойындардың қатарындағы мазмұнды, бейнелік, еліктеу сияқтыларына …

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ҮЙРЕТЕРІ МОЛ Read More »

АТА-АНА ЖАДЫНА

* баланың кемістіктерін бетіне басып, басқа балалармен салыстырмаңыз;* баланы қателескені үшін кемсітіп, бетінен алмаңыз; * балаңызды жетістіктері мен дәрежесі үшін емес, сол қалпында жақсы көретіндігіңізді сездіріңіз;* әрқашан өз балаларыңыздың қылықтарын түсінуге тырысыңыз; * ешқашан шешім шығаруға, әсіресе, жаза қолдануға асықпаңыз.Жақсы отбасыда жазалау деген болмайды. Бұл – отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы. Раушан ҚАЗБЕКОВА, Әбу Досмұхамбетов …

АТА-АНА ЖАДЫНА Read More »

БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҚАТЕЛІК

Ата-аналардың негізгі қателігінің бірі баланы не болса содан тыйып, іс-әрекетіне шектеу қоя беруі болып табылады. Баланың қате қылығын тыйған кезде орнына басқа дұрыс нәрсені көрсету керек. Олай болмаған жағдайда алдағы қателігін қайталауы болмаса қырсық мінезділікке бейімделуі мүмкін. Мысалы, бала ыдыс-аяқпен ойнағысы келсе, дереу кесені қолынан жұлып алғаннан гөрі “Ойнасаң, мә, мынау сынбайтын ыдыспен ойна”, – …

БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҚАТЕЛІК Read More »

МЕЙІРІМ мен СҮЙІСПЕНШІЛІК – тәрбие берудің негізгі мәйегі

Психология ғылымында дәлелденген, балалар үшін орны ерекше осы бір әрекетке тоқталып өтейік. Әуелі баланы тыңдай білу керек. Әр нәрсені дұрыс түсінуге баланың ақылы жете бермейді. Сол себепті баланың не ойлап тұрғанын білу қажет. Біз көбіне баланы қателікке ұрындырған себепті іздеп, оған ұрса жөнелеміз. Балалар балалықпен қателік жасайды. Оны қателігі үшін ұрсып, жазалаймыз. Балалар өзін не …

МЕЙІРІМ мен СҮЙІСПЕНШІЛІК – тәрбие берудің негізгі мәйегі Read More »

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ӘУЛЕТІНІҢ жас ұрпаққа берері мол

Еңбек – бар қиындықты жеңбек. Әлемнің әміршісі де еңбек. Ендеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” атты бағдарламалық мақаласы да сол адал еңбек ету арқасында сапалы да салиқалы ғұмыр кешуге үндейді. Осы орайда білім беру саласында адал еңбек еткен Ерубаевтар әулетіне тоқталғанды жөн көрдік.  Қайырбек Ерубаев 1935 …

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ӘУЛЕТІНІҢ жас ұрпаққа берері мол Read More »