Ата-аналардың негізгі қателігінің бірі баланы не болса содан тыйып, іс-әрекетіне шектеу қоя беруі болып табылады. Баланың қате қылығын тыйған кезде орнына басқа дұрыс нәрсені көрсету керек. Олай болмаған жағдайда алдағы қателігін қайталауы болмаса қырсық мінезділікке бейімделуі мүмкін. Мысалы, бала ыдыс-аяқпен ойнағысы келсе, дереу кесені қолынан жұлып алғаннан гөрі “Ойнасаң, мә, мынау сынбайтын ыдыспен ойна”, – деп оған сынбайтын ыдыс немесе өзінің ойыншық ыдысын беру керек.
Жай жазалаудың салдары баланың ой-өрісінің дамуына кері әсерін тигізеді, содан реніш пен күйзеліс тудырып, артынан үлкендерге деген сенімсіздік сезімін оятады. Қатал қарым-қатынастағы отбасыларда балалардың неврологиялық реті бұзылады: тұтығып сөйлеу, түнде шошып ояну, ұйқының бұзылуы сияқты ауытқу туындауы ықтимал. Кішкентай баланың психикасы өте нәзік. Оны бүлдіріп алу да оңай, ал түзету кей жағдайларда мүмкін емес. Сондықтан балаңыздың денсаулығын кішкене күнінен ойлаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 8 қаралым
- 21.12.2024
- 3 қаралым
- 21.12.2024
- 1 қаралым
- 21.12.2024
- 1 қаралым
- 21.12.2024
- 4 қаралым