Назгүл Үмітбаева Баян орта мектебінде 15 жыл бойы химия мен биология пәндерінен сабақ береді. Жоғары сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру үшін балалардың танымдық ізденімпаздығын дамытуға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар жүйесін өзі әзірлейді. Ұстаз пәнін жақсы меңгеріп, өзінің білімін жетілдіруде аянбай, тынбай еңбек етіп, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Назгүл Маратқызы оқушылардың бойындағы жеке қасиеттерді дамыту және ұлттық тұрғыда тәлім-тәрбие беру мәселесін алдына мақсат етіп қойып, сол бойынша тынбай еңбек етеді. Назгүл Маратқызының сабақтары қашанда тартымды, қызықты. Ол – оқушылардың пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын оята білетін ұстаздардың бірі. Сабақтарын биология және химия ғылымдары салаларындағы соңғы жаңалықтармен тығыз байланыстыра отырып өткізеді. Ол үшін қосымша анықтамалар, әдебиеттер, баспасөз материалдарын сабақтарында тиімді пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оята біледі және олардың болашақ мамандық таңдауларына дұрыс бағыт береді. Білікті ұстаздан білім алған оқушылары аудандық олимпиадаларға белсене қатысады. Биылғы оқу жылында 11-сынып оқушысы Әсел Бейісова биология пәнінен ІІІ орынға ие болды.
Ұстаздық еңбек жылдарында мол тәжірибе жинақтаған Назгүл Үмітбаева 2011-2012 оқу жылында химиядан өткен облыстық (сырттай) онкүндікте “Химиядан әдістемелік материалдарды дайындаудағы біліктілігі үшін” аталымында ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
Назгүл Маратқызы үнемі үйрету мен ізденудің арқасында мол абырой жинаған. Жүрек жылуы мол, жаны нәзік, санасы сәулелі осы кісі мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар арасында сыйлы, беделді, біздің ұжымымыздың мақтанышы, жұлдызы жоғары жан.
Біз оны өмір талабына сай жаңашылдықпен жұмыс істейтін, өз ісіне жауапты, тиянақты, қарапайым ұстаздардың бірі ретінде құрметтейміз.
Айнагүл ҚОНЫСБАЕВА,
Баян орта мектебі директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары.
Жамбыл ауданы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 6 қаралым
- 21.12.2024
- 2 қаралым
- 21.12.2024
- 1 қаралым
- 21.12.2024
- 5 қаралым