«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛЫ ЕЛІН ҰШТАСТЫРҒАН ӘЛЕМІМЕН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Санжар ТАСТАМБЕКОВ,
Бостандық орта мектебінің

8-сынып оқушысы.

Ой қозғап, сергітетін саналарды,
Халықпыз құрметтеген даналарды.
Жылулық нұр таңыма жеткеннен соң,
Ұлылық ұрпағыңа таралады.
Ғабеңнің кең көлемді шығармасы,
Қазақтың кең даласын аралады
Тіліне тиек еткен тақырыбы.
Ең асыл-аналарға арналады,

Арайлап атқан бүгін жыр таңым бар,
Өзіңді сүйіп оқыр ұрпағың бар.
Ғабеңдей алыптардың арқасында,
Арылдық кер заманнан қылтаны бар
Әлемді әлдимен тербететін,
Мыңдаған білімі мол “Ұлпаның” бар.

Көркем сөз зергерісің, қаламгерсің!
Өнерің өмірде өшпей қала берсін.

“Бесеудің хатында” да қолтаңбаң бар,
Қорықпай жазған неткен даналы ерсің.
Сұм заман ызғарынан қаймықпаған,
Ерлігі Ғабеңдердің дара дерсің.

Ел едік қадірлеген қолда барын
Рухың биік бүгінде, биік арың
Қазақтың ен бағына бере салған
Ғабеңнің өн бойына қонған дарын
“Ержүрек қаламгерім қайдасың?” – деп
Елжіреп сені іздеуде Елтінжалың!

Өнермен көтерілер елдің бағы,
Ерлердің таймасыншы мінген тағы.
Жақсының жақсылығын айта білсек,
Әз жұртым содан жақұт тағынады.
Ғабиттің ғибраттарын бойға жинап,
Талайлар ашар елдің бағын әлі.
Бой жетіп, күнге ұмтылып, сұлу шашқан,
Өзіңді “Қыз-қарағай” сағынады.

Шаттықтың тербетілген әуенімен,
Ұлы елін ұштастырған әлемімен.
Жалғасы боп жүрген соң жазушының,
Жырлар жазып көрейін әдемі мен.
Алаш атын аспанға асқақтатқан,
Ел бақытты бүгінде Ғабеңімен!
Мамлют ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp