«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰСТАЗ МЕРЕЙІ АСҚАН СӘТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрнағы күні Петропавлдағы балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Өңіріміздің білім беру саласының қызметкерлерін облыс әкімі Серік Біләлов құттықтады.

Ләйла ЖАНЫСОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Салтанатты шара барысында ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтаған облыс әкімі Серік Біләлов қашанда мұғалім мамандығы қоғамымызда ерекше орын алып келе жатқанын айтты. Мұғалімнің жаны мейірім мен ізгілікке, адамгершілікке толы және олар осы игі қасиеттерді шәкіртінің бойына сіңіруді мемлекет пен қоғам алдындағы парызы санайтынын атап көрсетті. Әсіресе, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыруда педагогтердің рөліне ерекше назар аударды.
– Таяуда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің облысқа жұмыс сапары барысында еңбек қоғамының сенімді негізін жастар құрайтынын және олар өз бетімен өмір сүруге, бастамашыл еңбекке дайын болуға тиіс екендігіне тоқталған болатын. Сондықтан жастарға білім мен тәрбие беретін педагогтер беделін арттыру мен мұғалімдерге жан-жақты қолдау көрсету – Елбасы саясатының басты бағыты. Бүгінгі таңда мұғалімдердің біліктіліктерін арттыру жаңаша жүргізілуде. Назарбаев Зияткерлік мектептері жанынан педагогикалық шеберлік орталықтары мен педагогтердің біліктіліктерін арттыру Ұлттық орталықтары құрылуда. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруда да педагог қызметкерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру бірінші орынға қойылып отыр, – деді Серік Біләлов.
Облыс әкімінің айтуынша, өңіріміздің білім беру саласын қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келе жатыр. Үстіміздегі жылы оған 36 млрд. теңге қаражат бөлінген. Ол өткен жылғымен салыстырғанда 9%-ға артық. Бөлінген қаржының жартысынан астамы педагогтердің жалақысын көбейтуге жұмсалған.
Салтанатты жиын барысында облыс әкімі көпжылдық адал еңбегімен ерекшеленіп, жас ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосып жүрген ұстаздарды марапаттады. Облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына өңіріміздің таңдаулы мұғалімдер, білім мекемелерінің басшылары ие болды. Олардың ішінде 13-і облыс әкімінің Құрмет грамота-сына, 9-ы Алғыс хатқа және 16-сы “Сосновый бор” санаторийіне жолдама алды.
Серік Біләловтің қолынан Құрмет грамотасын алған облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айнагүл Сұрағанова өңір басшысына алғысын жеткізіп:
– Облысымыздың білім беру саласы мен мұғалімдер қауымы Сіздің назарыңыздан тыс қалған емес. Мектебімізде жасалып жатқан игі істердің барлығы өзіңіздің қолдауыңызбен жүзеге асырылуда. Біздің ұжым бұдан әрі де елімізге адал қызмет етіп, Елбасының білім беру қызметкерлерінің алдына қойып отырған міндеттерінің биігінен көрінетін болады, – деді.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp