«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ ҮЗДІГІ АТАНУДАН ҮМІТКЕР кәсіпорындар аз емес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылғы “Алтын Сапа” байқауы жеңімпаздарын анықтайтын күн жақындап келеді, сөйтіп Қазақстанның алтын сапа тізімі жаңа есімдермен толыға түсетін болады.

Алина БЕЛОГОНОВА,
Облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің жетекші маманы.

Елбасы қатысатын осы ауқымды байқау шарасында ел жұртшылығының сапа саласындағы “Алтын Сапа” және “Қазақстанның үздік тауары” республикалық байқауларының жеңімпаздарын білуінің өзінде үлкен символикалық мән бар. Неге десек, оның жауабы жалғыз: ел өзінің ерлерін білуі керек, мақтан етеріміз баршылық. Осы беделді бизнес-бәсекелердің жетіжылдық тарихы сол қалпында: кешенді қазылар алқасы үздіктерді – өз өнімінің саласына, қызметтерінің уақтылы атқарылуына, қауіпсіздігіне және тағы басқа қойылар талаптарға нарықтағы беделімен жауап беретін жаңа құрылымның осызаманғы компанияларын таңдайды.
Біздің Солтүстік Қазақстан облысынан “Алтын Сапа” және “Қазақстанның үздік тауары” екі байқау-көрмесіне төрт үміткер қатысады. Олар – “ПАМЖ зауыты” ЖШС-і, “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ-ы, “Мұнаймаш” АҚ-ы және “Тортуманов және К” ЖШС-і кәсіпорындары.
Сондай-ақ төрт кәсіпорын – “Тортуманов және К” ЖШС-і, “Казмясопродукт” ЖШС-і, “Ростан” ЖШС-і, “Фирма Алекри” ЖШС-і “Тұрғындар үшін тауар шығаратын үздік кәсіпорын” аталымында бақ сынайды. Ал үш кәсіпорын – “Мұнаймаш” АҚ-ы, “ПАМЖ зауыты” ЖШС-і, “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ-ы “Өндірістік маңыздағы үздік кәсіпорын” аталымында және үш кәсіпорын – “Барс” арнайы агенттігі” ЖШС-і, “Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж” КМҚК-ы, “СУ-808” ЖШС-і “Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын” аталымында күреске түседі.
Өңірлік байқаудың жеңімпаздары атанған кәсіпорындар республикалық “Қазақстанның үздік тауары” байқау-көрмесіне қатысады. Олардың ішінде біздің өңірден: “ПАМЖ зауыты” ЖШС-і, “Мұнаймаш” АҚ-ы, “Изолит” ЖШС-і “Өндірістік маңыздағы үздік тауарлар” аталымында, “С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ-ы, “Анисифоров В.Ю” ЖК-і, “Промстроймебель” ЖШС-і “Тұрғындар үшін үздік тауарлар” аталымында, “Тортуманов және К” ЖШС-і, “Пальчик В.Т.” ЖК-і, “Егін” ЖШС-і “Үздік азық-түлік тауарлары” аталымында күш сынасады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp