«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЧЕМПИОНДАР ҰСТАХАНАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

…Осынау байырғы гимнастика залында жиі боламын. Өткен жылдардағы түлектердің есінде тамаша сақталған, 60-шы жылдардың басында салынған спорт залын қазір осылай атайды. Сол кездегі пединституттың ректоры Вагинак Арутюно-вич Цатурян мамандығы бойынша математик болса да, спортты жақсы көретін және гимнастикалық снарядтарда жаттығу үшін спорт залына жиі келетін. Көптеген пединститут түлектері осы күнге дейін оқу орнын жағымды жағынан еске алады. Алғашқы спорт шеберлері мен білікті жаттықтырушылар осы ұстаханадан шықты. Бұрынғы университет ректоры Ғалым Мүтәнов та спортты жақсы көрді, ол басқарған кезде бұқаралық спорт жұмыстары жандана түсті. Оқу орнының құрама командалары қалалық және облыстық сайыстарға жүйелі түрде қатысып тұрды. Республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері, Олимпиадалық ойындарға қатысушылар қатары тағы да қалыңдай түсті. Мұз айдыны жұмыс істеп, конькилерді жалға беру, жаппай сырғанау жолға қойылды. Соңғы жылдары студенттер қалашығының, университеттің оқу корпустарының инфрақұрылымы едәуір жақсарды. ЖОО-ның мұражайы – Қазақстандағы ең үздіктердің бірі.
Соңғы жылдары пайдалануға берілген 450 метрлік жүзу бассейні халықаралық стандартқа толық жауап береді. Онда олимпиадашылар әзірлеу үшін барлық жағдай жасалған. Біз осындай ғимарат болады деп кезінде ойлаған да жоқпыз. Университет ректораты Оңдасын Әшімовтің басшылығымен факультетте оқу үдерісін сапалы жүргізу үшін барлық жағдайды жасап отыр. Факультетте жұмыс істейтін мамандар тек оқитын жастардың қабілеті мен дарынын барынша толық ашу үшін берілген зор мүмкіндікті пайдалануды ойластыруы қажет.
Дене тәрбиесі мен спорттың әлеуметтік-тарихи санат ретіндегі маңызы осыдан қырық бес жыл бұрын дене тәрбиесі факультетін ашуға және ұйымдастыруға мұрындық болған еді. Сол кезде жаңадан ашылған факультеттің алғашқы студенттерінің бірі бола жүріп, өмірлік бағытымызды айқындаған, алдағы уақытта да маңыздылығын жоймайтындығын сезінген едік.
70-ші жылдары ұжым өз жұмысында маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Олардың тәрбиеленушілері КСРО құрама командасының мүшелері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері атанды. Әр жылдары халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, велошабандоздар В.Манин, А.Скляров КСРО чемпионы, былғары қолғап шебері К.Сафин КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы, боксшы М.Шалабаев пен конькимен сырғанаушы А.Григорьев еліміздің олимпиада құрамасына үміткер, жеңіл атлетші В.Кравцов республика рекордшысы атанды. Республикалық спартакиадада С.Литош, В.Токарев, В.Лукин, А.Кистенев, С.Татымов, В.Жихарь, Т.Тұғынбаев, Д.Поздняков қола жүлдегер атанды. Елдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы В.Чернышовтың тәрбиеленушілері, КСРО спорт шеберлері К.Сафин мен В.Смагин көптеген беделді жарыстарда жеңіске жетті. Шаңғышылар Т.Баранова, Т.Дорофеев, В.Григорьев, М.Захарова, Л.Головчанская, В.Вишневский жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Олардың осынау жетістіктеріне С.Каверин, В.Бондаренко, И.Кручина, А.Топоров, М.Дудник сынды жаттықтырушы-оқытушылардың сіңірген еңбегі ерекше.
М.Базилевский, С.Каверин, Х. Мурзамухамедова, Н.Макоев сияқты жас мамандардың нағыз ұстаз болып қалыптаса бастағанына да 55 жылдай уақыт болып қалды. Олар студенттермен жұмыс істеуде, жас оқытушыларды қалыптастыруда ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Т.Терехина, Н.Колесова, В.Григорьев, Г.Акушев, В.Стрельцов, С.Обухов, В.Вишневский, Р.Соколовский, В.Ботяев, Н.Гармат, В.Жулепов, В.Акопин және басқалары диссертациялар қорғап, доцент және профессор ғылыми атақтарына ие болды.
Облысымызға және одан тысқары жерлерге әйгілі жаттықтырушылар С.Кручина, А.Федоршин, А.Кувшинов, М.Шақшақбаев, В.Белоног, В.Гавриленко, В.Лисяной, С.Ямпольский, В.Левчук, А.Винников, Р.Сингатулин, А.Лебедев, В.Анацко, Н.Зубарев, А.Суровяткин, Н.Эктова, В.Винокуров, П.Литвиненко, А.Бычаев, ерлі-зайыпты Окованцевтар мен А.Са-қыпкереев бүгіндері “чемпиондар ұстаханасын” дамытуға, өскелең ұрпақтың денсаулықтарын нығайтуға зор үлес қосып жүр.
Факультет түлектері В.Коваленко, А.Дайыров, Р.Есеналин, В.Лукин, В.Лаврик, Т.Көшербаев, В.Руденко, А.Мицих, К.Сафин, Н.Черновол, Б.Жұнысов, С.Василенко, Ғ.Өркешов, Ю.Мощенко, С.Татымов, Е.Бекмұрзин, В.Жихарь және басқалары еңбек жолдарын әртүрлі салаларда жалғастырып, тамаша жетістіктерге қол жеткізуде. Олар облыстың спорт тарихы жылнамасына мәңгі еніп, өз ізбасарларына үлгілі істерімен жол сілтеп келеді.

Виктор БОНДАРЕНКО,
М.Қозыбаев атындағы
СҚМУ профессоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp