Педагогтердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күніне орай 2012 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Алматы қаласында Қазақстан ұстаздарына арналған бал өткізеді. Оған еліміздің білім беру саласының құрметті қызметкерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері, БАҚ басшылары шақырылып отыр. “Бұл – ұстаздықтың жаңа дәстүрінің жаңғыруы”, – дейді министрліктің баспасөз қызметінен.
Балдың ресми бөлімі еліміздің үздік педагогтерін салтанатты құттықтау рәсімімен ашылады. Республика тарихында тұңғыш рет “Үздік ұстаз” атағына еліміздің 48 мұғалімі ие болды. Олардың ішінде біздің облыстан Тайынша ауданындағы Зеленый Гай орта мектебінде тарих пәнінен сабақ беретін Виталий Червинский мен Қызылжар ауданындағы Бескөл орта мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Күлзия Бабышева да бар. Республикалық “Үздік ұстаз – 2012” конкурсының сырттай іріктеу кезеңінде еңбектері бағаланып, бұл екі ұстаз қазанның 5-і күні Алматы қаласында тұңғыш рет өтетін Қазақстан ұстаздарының балына қатысуға аттанып кетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 4 қаралым
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 7 қаралым
- 21.12.2024
- 3 қаралым
- 21.12.2024
- 1 қаралым