Қазақстанда “Мектепке жол” акциясы биыл бесінші мәрте өткізілді. Акцияның мақсаты – түрлі жағдайларға байланысты мектепке бармай қалған балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп, бүлдіршіндердің білім алуларына жағдай жасау.
Қаражаттан қиындық көрген көпшілік отбасылары өздерінің мектеп жасындағы балаларын уақытымен оқуға даярлай алмай жатады. Әсіресе, бұл жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар мен көпбалалы және толық емес отбасыларға қиындық туғызады. Осылайша олар әлеуметтік жағдайларына байланысты басқа балалармен бірдей мектеп табалдырығын аттай алмайды.
Александр Полатченко басшылық ететін “Айыртау-Әліби” ЖШС-і мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балғындарға оқуға қажетті құрал-жабдықтар сыйлауды дәстүрге айналдырған.
Сонымен қатар жазғы каникул уақытында “Айыртау-Әліби” ЖШС-нің қаржылай қолдау көрсетуімен 10 оқушы “Заря” балаларды сауықтыру орталығында демалу мүмкіндігіне ие болды. Қазір олар бұл күндерін ерекше сезіммен еске алады.
“Қолда барда беріп қал, көзің барда көріп қал” деп Әнет бабамыз айтқандай, бүгінде қиыншылық көрген жандарға қол ұшын соза білген “Айыртау-Әліби” ЖШС-нің басшысы Александр Полатченкоға балалар да дән риза.
Альмира ӘКІШЕВА,
Айыртау орта мектебінің
әлеуметтік педагогі.
Айыртау ауданы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 4 қаралым
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 7 қаралым
- 21.12.2024
- 3 қаралым
- 21.12.2024
- 1 қаралым