Тоқтар ЗІКІРИН
Көктем мен жазы –
қонағы
Ауысып тағы күз келді.
Сары алтынға орады,
Орманды, қырды,
түзді енді…
Тізіліп ұшар көкте құс,
Қош айтысып
кетті олар…
Орылған алқап
теп-тегіс,
Орағы есте сақталар.
Қайыңдар тіпті жүдеді,
Жапырағынан тоналып.
Өзгерген өңір түр-өңі,
Тыныштығы
да оралып.
Суретті салған Руслан АБДРАФИКОВ.