«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КҮЛЗИЯНЫҢ ЕҢБЕГІ ЖАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Күлзия Бабышева орыс және қазақ тілдерінің әдістемелік құралының конкурсында 1-орын алып, облыс әкімінің грантын жеңіп алған. “Ауылдың үздік мұғалімі” аудандық конкурсының жеңімпазы, облыстық инновациялық жобалар фестивалінде 1-орынның иегері, оқушылары облыстық ғылыми жобалар конкурсында 2-орынды жеңіп алса, өзі республикалық конкурстың облыстық кезеңінде 2-орынды иеленген. 

Күлзия Шоқайқызының орыс тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ бере бастағанына 32 жыл. Осы уақыт аралығында Күлзия Шоқайқызы оқытудың осызаманғы әдістемелерін жетік меңгерді. Ол өз жұмысында жеке-бағдарлық оқытуды негізге ала отырып жұмыс істейді. Сабақтарында әр оқушының жеке дамуына жағдай туғызып, баланың шығармашылық ізденісі мен өз-өзін айқындауына бағдар береді және осыған орай ұстаз оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдерін таңдайды.
Күлзия Шоқайқызы – жоғары деңгейлі кәсіби біліктілікті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерін жете меңгерген және білгенін тәжірибе жүзінде бала бойына сіңіре білетін маман. Оның әр сабағы жоғары әдістемелік шеберлігімен, терең мазмұндылығымен оқушыны баурап алады. Интерактивтік жабдықтарды, компьютерлік техниканы пайдалана отырып оқушылармен жеке жұмыс жүргізуі, ОқуNet жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалануы жоғары сапалы білім беруге қол жеткізеді. Оның нәтижелерін пәндік олимпиадалар мен ҰБТ қорытындысынан байқауға болады. ҰБТ қорытындысы бойынша оқушыларының орыс тілінен білім сапасы 97%-ды көрсетті.
Күлзия Бабышева шығармашылықпен қатар зерттеу жұмысын да жүргізеді. Ұстаз әр уақытта әріптестерінің тәжірибелерімен Интернет, әдістемелік құралдар, семинарларға қатысу арқылы танысып, пәнді берудегі жаңашылдықтарды зерттеп, өз білімін жетілдіріп отырады. Күлзия Шоқайқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зураш Қожықовамен бірлесіп “Қазақ және орыс тілдері бойынша 5-ші және 7-ші сыныптарға арналған интеграцияланған курс” бағдарламасын әзірледі. Бұл бағдарлама оқушыларға қазақ және орыс тілдерінің ережелері арасындағы ұқсастықтарды салыстыра отырып меңгеруге мүмкіндік береді. Бағдарлама Бескөл орта мектеп-гимназиясында сынақтан өтіп, оның тиімділігіне көз жеткізілді. Ол облыстық инновациялық жобалар фестивалінде 1-орынға ие болды.
Оқушыларының ұстаз басшылы-ғымен жазған ғылыми жобасы облыстық кезеңде 2-орынға ие болып, Екатеринбург қаласында өткен 4-ші өңірлік “Істегі қызу бастама” атты жобалық конкурста “Ең үздік қолданбалы жұмыс” аталымы бойынша дипломмен және медальмен марапатталды.

Ләйла ЖАНЫСОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp