«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2012” облыстық байқауының жеңімпазы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Жас келсе – іске” дегендей, Виталий Геннадиевичтің ұстаздық еңбек өтілі көп болмаса да, атқарған жұмысы жеткілікті. Өзінің пәні бойынша жан-жақты, білімді, сабақтарын интерактивті және ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана отырып қызықты жүргізеді. “Оқушыларды тарих сабақтарында ҰБТ-ға даярлау әдісі” әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Оның тесттік материалдарды қолдану тәсілдері бойынша жинақтаған тәжірибесі мол. Соның нәтижесінде шәкірттері аудан көлемінде жоғары ұпайлар алып жүр. Алдынан ұшырған 8 оқушысы ұста-зының жолын қуып, жоғары оқу орындарында тарих мамандығы бойынша грантпен оқиды. Шәкірттері – “Парасат Керуен”, “Клио-3”, “Тарих ата” конкурстарының белсенді қатысушылары әрі жүлделі орындар иеленіп жүрген жеңімпаздар. Оқушылар командасы Алматы қаласында Қызыл ай қоғамы өткізген республикалық “Гуманитарлық құқықты зерттеу” семинарында да көзге түсіп мақтау қағазын алған.

Виталий Геннадиевичтің авторлығымен жарық көрген облыстық қолданбалы курстар бағдарламасы, инновациялық жобалар конкурсында жүлделі орынға ие болып, ол конкурс жеңімпазы атанды.
Виталий Червинский – “Поиск” ғылыми қоғамының және өлкетану мұражайының жетекшісі. Облыстық мұражайлар байқауында мектеп мұражайы 1-орын алды. Мектептің жеке сайтын ашқан. Білікті ұстаз ауданның дебаттық клубына да басшылық жасайды, оның тәрбиелеген 4 оқушысы облыстың үздік спикерлері қатарында. Виталий Червинскийдің әр өткізген танымдық және инновациялық негізге құрылған ашық сабағынан ұстаздардың үйренері көп.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp