Қыркүйектің 30-ы мен қазанның 10-ы аралығында Жүрек ауруларына қарсы күрес онкүндігі өтіп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, жүрек ақаулары Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша өлімнің негізгі себебі болып табылады. Сол үшін әр адам жүрек ақауларының алдын алу үшін өз денсаулығына баса назар аударғаны дұрыс.
Жүрек-қантамыр ауруларына шалдығудың бірден-бір себебі – дұрыс тамақтанбау. Майлы тамақты мөлшерден көп қолдану қандағы холестериннің жоғарылауына алып келеді. Қантамырдың қабырғасына жиналған холестерин тамырдың тарылуына әкеп соқтырады. Нәтижесінде, жүректің қанмен қамтамасыз етілуі нашарлайды. Бұл инфарктқа алып келуі мүмкін. Мұндайды болдырму үшін калиймен байытылған азық-түлікті: банан, брокколи, киви, кептірілген цитрустық жемістерді жиі қолданған дұрыс. Ұнды, тәтті және тұзды тағамдарды азайтып, алкогольдік және газдалған сусындардан мүлдем бас тарту керек. Салмағыңызды бақылаңыз. Артық салмақты адамдар жүрек ақауларына көп шалдығады. Белсенді өмір салтын ұстаныңыз. Жаттығулармен қатар таза ауада ұзақ серуендеу де жүрек жұмысын жақсартады. Темекі шегетіндер зиянды әдеттен бас тартқаны дұрыс. Өйткені, темекі тарту – жүрек-қантамыр ауруларына шалдығудың негізгі себептерінің бірі.
Бүгінгі күні Денсаулық сақтау министрлігінің ең маңызды мәселелерінің бірі – денсаулық сақтау саласының шектелген қаржы ресурсы жағдайында елді мекендердегі дәрі-дәрмектік және медициналық көмекті жақсарту. ҚР-да жүректің протезделген клапанымен, артериялық гипертониямен (АГ), жүректің ишемиялық ауруымен, жүрек-ке ауа жетіспеушілігімен, аритмиямен ауыратын науқастарға тегін көмек көрсетіледі.
Сіздердің назарларыңызға диспансерлік тіркеуде тұрған науқастарға арналған дәрі-дәрмек тізімін ұсынамыз:
1) протезделген жүрек клапанымен, аорто-коронарлық ұштастыру және стенттеуден соң келесі препараттар ұсынылады: варфарин таблеткасы, ацетилсалицил қышқылы таблеткасы, клопидрогель таблеткасы;
2) АГ, бүйректің созылмалы ауруларындағы АГ кезінде: бисопролол, карведилол, метопролол, пролангирленген эналаприл, лизиноприл, периндоприл, амлодипин, нифедипин, лозартан, кандесартан, моксонидин, индапамид, лозартан калийі+гидрохлортиазид, фозиноприл, валсартан+амлодипин, периндоприл+индапамид, валсартан+гидрохлортиазид, телмисартан+гидрохлортиазид, эналаприл+нитрендипин, лизиноприл+амлодипин;
3) жүректің ишемиялық ауруымен ауыратындарға: бисопролол, метопролол, амлодипин, изосорбидадинитрат таблеткасы, спрейі, ұнтағы, изосорбидамононитрат таблеткасы, капсуласы, ретард капсуласы, ацетилсалицил қышқылы, клопидогрель;
4) созылмалы жүрекке ауа жетіспеушілігімен ауыратындарға: бисопролол, небиволол, метопролол, эналаприл, рамиприл, фозиноприл, лозартан, кандесартан, дигоксин, спиронолактон, фуросемид, гидрохлортиазид;
5) жүрекке ауа жетіспеушілігінің ІІІ-ІV кезеңінде: торасемид;
6) аритмияда: амиодарон, пропафенон, варфарин, бисопролол, метопролол, верапамил, дигоксин тегін беріледі.
Барлық туындаған сұрақтарыңыз бойынша Астана және Алматы қалалары, сонымен қатар еліміздің 15 аумағында қызмет атқаратын Дәрі-дәрмек ақпараттықталдау орталығына (ДАТО) хабарласуларыңызға болады. Орталықтың негізгі мақсаты дәріні тиімді қолдануды жүзеге асыру, формулярлы жүйені дамыту және халықтың дәрілік сауатын жетілдіру болып табылады.
2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстандағы ДАТО-ның біріккен байланыс жүйесі: 8 800 080 88 87 құрылды. Қазақстан бойынша кез келген стационарлы телефоннан қоңырау шалу тегін. Дәрі-дәрмек туралы толығырақ ақпаратты біздің сайтымыздан таба аласыздар: www.druginfo.kz.
Дәрі-дәрмек ақпараттық талдау орталығы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 5 қаралым
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 7 қаралым
- 21.12.2024
- 3 қаралым
- 21.12.2024
- 1 қаралым