Құрметті солтүстікқазақстандық ұстаздар!
Сіздердің кәсіптік мерекелеріңіз – Мұғалім күні құтты болсын!
Бұл шын мәнінде бүкілхалықтық мереке. Бағзы заманнан халқымыз мұғалімді қадір тұтқан.
Кез келген қоғамның өміріндегі және барлық замандағы ұстаздың ұлы міндеті баға жеткісіз. Мұғалім күнінің халықаралық мәртебеге ие болуы кездейсоқтық емес. Педагог болашақтың басты құрылысшысы және жасампазы болып табылады.
Нақ біздің елімізде мұғалім әрқашан әншейін білім иесінен зорырақ болды. Ұлы Абай да адам бойындағы барлық жақсылық мұғалімнен дариды деп айтқан.
Педагогтің негізгі міндеттерінің бірі – қоғам мен өз Отанына пайда әкелетін, шығармашыл ойлайтын, еңбексүйгіш және жауапкершіл азаматты тәрбиелеу болып қала береді. Елбасының бастамасымен Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыру үдерісінде мұғалімнің рөлі ерекше.
Өйткені, мектеп қабырғасынан бастап адамның еңбекке көзқарасы қалыптасады, оның ішкі дүниесі мен жауапкершілігі тәрбиеленеді.
Үстіміздегі жылдың 18 қыркүйек күні біздің облысқа жұмыс бабындағы сапары барысында республика Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев жастар еңбек қоғамының сенімді негізі болуға және дербес өмір мен бастамашыл еңбекке дайын болуы тиіс екендігін атап көрсетті.
Мемлекет басшысы тек білімді ұлт қана бәсекеге қабілетті болатынына бірнеше рет назар аударды. Сондықтан білім мен адами капиталды жетілдіру мемлекеттік саясаттың ажырамас басымдығы болып табылады.
Бүгіндері мемлекет білім сапасының әлемдік стандартқа сәйкес келетін алдыңғы позицияға шығуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда.
Елімізде 2020 жылға дейін білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Жыл сайын қаржыландыру мөлшері ұлғайтылуда, білім ұйымдарының желісі дамытылуда және жетілдірілуде.
Педагогтің мәртебесін көтеруге, оның жауапты еңбегіне лайықты жалақы төлеуге баса назар аударылуда. Тек соңғы жылдары ғана мұғалімнің еңбекақы деңгейі екі еседен астам өсті.
Мектепке дейінгі, орта, кәсіптік және жоғары білім беру салаларында принципті жаңа бағдарлар белгіленді. Электронды оқыту енгізілді.
Қазірдің өзінде осындай жаңалықтар мақтан тұтуға тұрарлық нәтижелерге жеткізуде. Біздің оқушыларымыз бен студенттеріміз халықаралық және республикалық олимпиадаларда, конкурстарда, жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінуде, қоғамдық өмірге белсене қатысуда.
Қымбатты ұстаздар!
Білім – еліміздің болашағының, жоғары кәсіптіліктің, қазақстандықтардың жас ұрпағының отаншылдығы мен руханиятының негізін қалайтын сала. Және оның басты тірегі – Сіздердің риясыз еңбектеріңіз, шығармашылық ізденістеріңіз бен жанқиярлықтарыңыз.
Мен Сіздерді кәсіптік мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерде еліміздің даңқын шығаратын дарынды, мақсатшыл оқушылар көп болсын!
Бәріңізге мықты денсаулық, бақыт және Отанымыз – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін нығайту ісінде жаңа табыстар тілеймін!
Серік БІЛӘЛОВ,
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 5 қаралым
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 7 қаралым
- 21.12.2024
- 3 қаралым
- 21.12.2024
- 1 қаралым