Облыс орталығын сапалы ауызсумен қамтасыз етуші “Қызылжар су” ЖШС-інде Қарттар күні кәсіпорынның ардагерлерін құттықтау игі дәстүрге айналған. Биылғы жылы да кәсіпорын әкімшілігі мен ардагерлер кеңесі, кәсіподақ төрағасы Баян Қанафиннің мұрындық болуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жалпы 208 ардагерге сый-құрмет көрсетілді. Мереке иелерінің қуанышына олардың әріптестері мен кәсіпорын басшылары да ортақтасты.
Ел көлемінде өткізілетін Қарттар күнi мерекесiнiң, Қарттар айлығы шарасының маңызы қарияларға деген құрметтi күшейтуге негiзделедi. Дегенмен, ол қарттарды тек мереке қарсаңында құрметтеу керек деген сөз емес. Оларға ұдайы көңiл бөлу – азаматтық борыш екендігін естен шығармаған “Қызылжар су” серіктестігінің басшылығы бүгінде құрметті демалыста жүрсе де, кәсіпорыннан алшақтамаған қарияларды әр уақытта туған күндерімен құттықтап, материалдық көмек көрсетуден қалыс қалып көрген емес.
Осындай дәстүрлі тәжірибеден тәлім алып, аға ұрпақты қадірлеп, үлкенін құрметтеуді басымдыққа айналдырып келген өз ұжымының көрсеткен құрметіне ардагерлер риза болып, қуанып қалды.
“Қызылжар су” ЖШС-нің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp