«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЙІНЕ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Қатран Сұлтанов ішкі істер басқармасында көп жылдар бойы қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Полковник қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы болып тұрған кезінде зейнетке шыққан. Нафиса Сұлтанованың өзі де ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Бүгінгі күні құрметті демалыста.
Кездесуге ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұраған Көпеев пен ІІД кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ғали Мұсақұлов та келді. Полицейлер Нафиса Сайтжанқызына гүл сыйлап, азық-түліктей көмек көрсетті.
Сонымен қатар бұл күні қалалық ішкі істер басқармасы полиция ардагерлері үшін мерекелік шара ұйымдастырды. Қалалық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Әмір Қасейінов зейнеткерлерді құттықтап, оларға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp