«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО ішкі істер департаментінің бастығы, полиция полковнигі Мұрат Ұрұмханов “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.
Осы жолғы қабылдауға келген азаматтардың мәселелері әр қырлы: өмірдегі нақты жағдайлар, азаматтардың жеке басына қатысты туындаған оқиғалар, полицияға қызметке орналасу, азаматтық алу, қаладағы қоғамдық тәртіпті күзету, тағы басқалар. СҚО ІІД-нің бастығы жазылғандардың әрқайсысын мұқият тыңдап, азаматтардың әрбір өтініші бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп, оларға жазбаша түрде жауап қайтарылатынын айтты. Сонымен қатар, полиция құзыретіне қатысы жоқ сұрақтармен келген тұрғындарға заңгерлік кеңес берілді.  
Жыл басынан ІІД бастығының жеке қабылдауында 124 азамат болды.

СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp