«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АРДАГЕРЛЕРІМІЗ ҚАШАН ДА АРДАҚТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Халықаралық Қарттар күні мен Ұстаздар күніне орай қазақ мектеп-гимназиясының мұражай меңгерушісі Айнаш Серікқызының ұйымдастыруымен, сондай-ақ мұражай белсенділерінің ат салысуымен, әсем безендірілген мұражайда он шақты ардагер ұстаздың басы қосылып, оларға сый-қошемет көрсетілді. 

Зәуреш ШАКЕНОВА,
қазақ мектеп-гимназиясының
тарих пәні мұғалімі.

Кездесуге 9,10,11-сынып оқушылары және мектебіміздің жас мамандары қатысты. Жас мамандар қарт ұстаздардан ақыл-кеңес сұрап, іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Бір-бірімен жүздесіп, мол дастарқан басында өзара шүйіркелескен мереке иелерін мектеп директоры Гүлжан Жақанова құттықтап, еліміздің даму жолында сіңірген ерен еңбектері үшін және күні бүгінге дейін танытып келе жатқан белсенділіктері үшін ризашылық білдірді.
Аманжол Зағыпардың қарттарға арнаған өлеңі, шеберлікпен шырқаған әні қонақтардың көңілін жадыратты. Ардагерлерлер ортаға шығып ән айтып, әзіл-оспақтың аясында мерекелік күй кешті. Мереке соңында ардагер ұстаздарға естелік сыйлықтар табыс етіліп, топпен суретке түстік.
Қошеметке риза болған қонақтар бүгінгі молшылық заманына тәубешілік етіп, Отанға тыныштық тілеп, мерекені ұйымдастырушыларға шексіз алғысын білдіріп тарасты.
Петропавл қаласы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp