«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӨЗ КОДЕКСІ БОЛУЫ КЕРЕК

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Фархат ТАСТАМБЕКОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің №3 оқу ғимаратында журналистік этика кодексінің жобасын талқылаған “дөңгелек үстел” басындағы отырыс өтті.
“Нұр Отан” ХДП “Болашақ” филиалының ұйымдастыруымен өткен шараға ішкі саясат басқармасының өкілдері, өңіріміздегі бірқатар майталман тілшілер, орыс журналистикасы мамандығының 1-4-курс студенттері мен олардың оқытушылары қатысты. Кездесу барысында жиналғандар еркін пікір алмасты.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам” атты мақаласында Мәдениет және ақпарат министрлігіне Журналистік этика кодексін дайындауды тапсырған еді. Соның негізінде шілде айында Қазақстан Журналистер одағы, бас редакторлар клубы және еліміздің жетекші журналистері біріге отырып дайындаған кодекстің жоба-сы жұрт назарына ұсынылды.
“Дөңгелек үстел” барысында бұл құжаттың не үшін керектігі қызу талқыланды. Жуықта ғана ашылған 24.kz арнасының меншікті тілшісі Нұргүл Ахметова өз пікірімен бөлісті. Зинаида Табакова мен Татьяна Морозова да журналистердің ақпарат таратудағы қателіктері, авторлық құқықтардың сақталмауы және журналистердің өзін-өзі ұстауы, адамгершілік, әдептілік туралы өз ойларын ортаға салды.
“Мылтықсыз майдан” – ақпарат әлемі бүгінгі таңда қарыштап дамып, жаңа сатыға көтерілді. Сол себепті “дөңгелек үстелге” қатысушылар көптеген елде осындай құжаттың барлығын негізге ала отырып, тәуелсіз Қазақстан Республикасында журналистердің өз кодексі болу керек деген ортақ шешімге келіп тарқасты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp