«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАҒЫ САЛТАНАТТЫ КЕШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Анна КУЧЕРЕНКО,
зейнеткер.

Облыстық жетім балаларға ар-налған мектеп-интернатта өздерінің ардагер ұстаздарын әспеттеген Қарттар күніне арналған салтанатты кеш өтті. Онда мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Динара Рақышова бар өмірлерін бала тәрбиесіне арнаған аға ұрпақ өкілдерін мерекелерімен құттықтап, олардың әлі де мектеппен байланыстарын үзбей, ортақ іске ақылшы болып орталарында жүргенін қалайтынын айтты. Салтанатты мерекеде ұлағатты ардагер ұстаздардың құшақтары гүлге толып, көрсетілген қошемет пен құрметке бір жасап қалды.
Мектептегі салтанатта оқушылар оларға арнаған өздерінің алғыс-тілектерін, көңілді кештің көркі болған ән-күйлерімен, терең сезімді өлең-жырларымен және бәрін ортаға үйірген билерімен білдірді. Кездесуде ардагерлер атынан сөз алған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 20 жылдан астам мектеп-интернатты басқарған қарт ұстаз Валентина Кондратова өзінің балапандарын өсіріп-өрбіткен жылы ұясы жайлы тебірене әңгімеледі. Мектеп оқушыларына осыдан түлеп ұшқан түлектерінің ішінен көздеген арман-мақсаттарына қол жеткізгендерін мысал етті. Одан кейін мерекеге қатысушылар алдында қалалық Мәдениет үйінің жанындағы ардагерлердің “Лейся, песня” вокалдық тобы өз өнерін көрсетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp