«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“НҰРЛЫ КӨЖЕК – 2012” облыстық ғылыми жобалар байқауы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мамандарының бастамасымен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің бүлдіршіндері мен бастауыш сынып оқушылары арасында облыстық “Нұрлы көжек – 2012” ғылыми жобалар байқауы өтті. Оның облыстық кезеңіне 48 жұмыс іріктеліп, өз бағаларын алды. 

Ләйла ЖАНЫСОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

“Нұрлы көжек – 2012” бай-қауының бірінші кезеңі сырттай өтіп, оған 156 бала қатысты. Балалар өздеріне ұнаған: аңдар мен өсімдіктер әлемі, жергілікті жердің табиғаты, мектеп, балабақша өмірі тақырыптары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізді. Облыстық кезеңге өткен 48 жұмыс бойынша балалар сынға түсіп, өз жобаларын қорғады.
Байқау қорытындысында “Жылқы – малдың патшасы” тақырыбын қорғаған Қызылжар ауданы “Парасат” мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы Бауыржан Айжеркенов І орын алды. Сонымен қатар Петропавл қаласындағы Қожаберген жырау атындағы №6 мектептің 2-сынып оқушысы Батырхан Жаров пен №20 мектептің 2-сынып оқушысы Айнұр Шәріпбекова ІІ орын, Айыртау ауданы Саумалкөл қазақ орта мектебінің 4-сынып оқушысы Темірлан Айтжанов, Мамлют ауданы Бексейіт орта мектебінің 3-сынып оқушылары Айна Ғабдуллина мен Жайна Кенжетаева, қалалық классикалық гимназияның 3-сынып оқушысы Ділназ Таласпаева ІІІ орынға ие болды. Олар мектеп формасына, қазақ халқының салт-дәстүріне, қымыз тақырыбына арналған жобаларды қорғады.
– Байқау мектепке дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғалық шығармашылық әлеуеттерін дамыту және дарынды балаларды ерте жастан анықтап, олардың дамуына, тәрбиеленуіне, білім алуына жаңа жағдайлар жасау, педагогтерді жобалау іс-әрекетіне белсенді қатыстыру, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру мақсатында өткізілді. Осындай шаралар мектепке дейінгі балалар мен кіші жастағы оқушылардың қиялы мен ойлау қабілеттерін арттыруға, әртүрлі іс-әрекеттер барысында балалардың мүмкіндіктерін дамытуға септігін тигізеді, – дейді СҚ ПҚБАИ педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Қарашаш Жамантаева.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp