«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОН АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШІ ТЫҢДАЛЫП, соған орай нақты шаралар белгіленді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Нұрсайын ШӘРІП,

“Солтүстік Қазақстан”.

Кеше облыс әкімі, “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының төрағасы Серік Біләлов жеке мәселелерімен келген 10 азаматты қабылдады. 

“Мұнаймаш” АҚ-ның жарнама жөніндегі менеджері Дмитрий Протопоповтың көмегімен қабылдауға келген, қоларбаға таңылған 1-ші топтағы мүгедек, 23 жастағы Александр Скребец облыста “Мүгедектерге лайықты өмір” әлеуметтік жобасын жүзеге асыруға, “Сәби” жеке қайырымдылық қоры” коммерциялық емес ұйымымен байланыс орнатуға және мүгедектер таксиі қызметін құруға көмек көрсетуді сұрады. Мұндай қызмет Алматы қаласында бар көрінеді. Қор қаражатына мүгедектер таситын “Фольксваген” автокөліктері сатып алынады екен. Тек оларды жүргізушімен қамтамасыз ету және таксиге қызмет көрсету ғана жергілікті бюджет шығынын қажет етеді. Облыс орталығында дәл сондай қызмет ұйымдастыру үшін жыл аяғына дейін аталмыш қормен шартқа отыру қажет.
“Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының төрағасы Серік Біләлов Александр Викторович көтерген мәселені бірден қолдап, оны 10 желтоқсанға дейін шешуді қала әкімі Болат Жұмабеков пен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Асқар Сақыпкереевке тапсырды.
Аққайың ауданындағы Полтавка ауылының тұрғыны, 73 жастағы зейнеткер Ораз Досанов Смирново ауылында облыс тұтынушылары үшін газ плитасын жөндеумен айналысатын мамандар әзірлейтін қосын ашу қажеттігін айта келіпті. Бұл мәселені түбегейлі зерттеу, ұсыныстың пайдалылығын анықтау жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тапсырылды.
Бұл күнгі қабылдауға келген Петропавлдағы Зайцев көшесінің тұрғыны, зейнеткер Шолпан Нүркенова ауызсу алатын құдықтың алыстығына, көше жолының жүруге қолайсыздығына шағымданды. Аталмыш өтінішті түбегейлі шешу қала әкімі Болат Жұмабеков пен “Қызылжар су” ЖШС-нің бас директоры Аслан Сатинге жүктелді.
Бұдан кейін қабылдауда болған 7 азамат та өз өтініштеріне байланысты нақты жауаптар алып, қуанып қалды.
Суретті түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp