«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІ КАМЕРАЛЬДЫ БАҚЫЛАУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Наталья ЕЛМУРАДОВА,
облыстық салық департаменті
камеральды бақылау бөлімінің бастығы.

Камеральды бақылау – салық төлеушінің іс-әрекеті туралы салық төлеушісі (салық агенті) тапсырған салық есебін, өкілетті мемлекеттік органдардың деректерін, сол сияқты басқа құжаттар мен деректерін зерттеу және талдау негізінде салық қызметі органдары жүргізетін бақылау. Камеральды бақылаудың мақсаты салық органдарының камеральды бақылау қорытындылары бойынша ашылған салық есебіндегі тәртіп бұзушылықтарды өз бетінше жою құқын беру болып табылады.
Мемлекеттік сатып алуларға, тендерлерге қатысатын салық төлеушілерін камеральды бақылау салық төлеушілері ҚСЕ-де көрсеткен ақпарат пен деректерді салыстыру арқылы жүргізіледі. Камеральды бақылау нәтижелері бойынша сәйкессіздік ашылған жағдайда, оларды “салық төлеушісінің 300. 07 тізілімінде көрсеткен ҚҚС сомасымен мемлекеттік сатып алу аясында аударылған сомалар бойынша деректермен айырмашылығы”, “салық төлеушісінің 100.00 үлгідегі ККС сомасының мемлекеттік сатып алу аясында аударылған сомалар бойынша деректермен айырмашылығы” бөлігінде ашылған тәртіп бұзушылықтардың жазбаша қосымшаларымен бірге салық қызметі органдары ашқан тәртіп бұзушылықтарды жою туралы ескертпе қағазы толтырылады.
Салық кодексінің нормаларына сәйкес камеральды бақылау бойынша ескертпе тапсыру екі тәсілде атқарылады:
– салық төлеушінің ашылған тәртіп бұзушылыққа қатысты салық кезеңіне салық есебін тапсыруы, – бұл егер салық төлеуші ескертпеде көрсетілген тәртіп бұзушылықтармен келіскен жағдайда;
– ескертпеде көрсетілген тәртіп бұзушылықтар бойынша түсініктеме тапсыру, – бұл егер салық төлеуші олармен келіспеген жағдайда.
Үстіміздегі жылы салық есебінің қосымша түрін тапсыру жолымен ғана емес, электрондық түсініктеме беру жолымен де, яғни тәртіп бұзушылықпен келіспеген жағдайда да автоматтандырылған камеральды бақылау нәтижелері бойынша ашылған тәртіп бұзушылықтарды жою туралы ескертпені атқару мүмкіндігі жүзеге асырылды.
2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне толықтыру енгізілді, онда салық төлеушіден түсініктеме түскен кезде онда мынадай реквизиттер болуы қажеттігі айтылған:
1) салық төлеушінің (салық агентінің) түсініктеме жазған күні;
2) фамилиясы, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) немесе түсініктеме берген тұлғаның толық атауы, оның мекенжайы (тұрғылықты орны);
3) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;
4) камеральды бақылау бойынша ескертпе жіберген салық органының атауы;
5) ескертпеде көрсетілген тәртіп бұзушылықтармен түсініктеме берген тұлғаның келіспейтіндігіне негіз болып табылатын жағдай;
6) жолданған құжаттар тізімі.
Егер түсініктеме берген тұлғаның келіспейтіндігіне негіз ретінде ескертпеде көрсетілген тәртіп бұзушылықтармен бірге оны растайтын құжаттар көрсетілген жағдайда, онда салық есебінен басқа мұндай құжаттар көшірмелері түсініктемеге қоса беріледі.
Сол сияқты Салық кодексінің 608-бабына 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап электрондық әдіспен жіберілген ескертпеге қатысты өзгерту енгізілді. Аталмыш ескертпе “Салық төлеуші кабинеті” вебқосымшасына салық қызметі органы ескертуді жеткізген күннен бастап салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылған болып саналады.
Камеральды бақылаудың нәтижесі бойынша ашылған тәртіп бұзушылықтарды жою туралы ескертпені орындау салық төлеуші (салық агенті) ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі келесі күннен бастап отыз жұмыс күнінің ішінде жүргізіледі.
Тәртіп бұзушылықтарды жоймаған салық төлеушілерге қатысты салық заңнамасында қарастырылған шаралар қолданылады. Атап айтқанда, камеральды бақылау нәтижелері бойынша ашылған тәртіп бұзушылықтарды жою туралы белгіленген ескертпе мерзімі сақталмаған жағдайда, қолданыстағы кодекстің 611-бабына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шағын операцияларының тоқтатылуына және ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 219-ба-бының 1-бөлігіне сәйкес 15 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылуына әкеліп ті-рейді, 2012 жылғы айыппұл сомасы 24 270 теңгені құрайды. Құқық бұзушылық қайыра жасалған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 219-бабының 2-бөлігі бойынша 30 ЕК (48 540 теңге) көлемінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Салық төлеушілерге ыңғайлы болуы үшін kk@mgd.kz электрондық мекенжайы құрылған, онда автоматтандырылған камеральды бақылау бойынша туындайтын барлық сұрақтарға жауап алуға болады.
ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің http:// forum. salyk. kz форумындағы “Салық түрлерін қабылдау, камеральды бақылау” бөлімінде Сіз өзіңіздің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды айта аласыз, сол сияқты камеральды бақылау бойынша өзіңізді қызықтыратын сұрақтар қоюыңызға болады.
Камеральды бақылау мәселелері бойынша салық органдары қызметкерлерінің заңсыз іс-қимыл әрекеттеріне мына телефондар арқылы шағым жасауға болады:
ҚР ҚМ СК-ның сенім телефонына: 8(7172) 71-79-63 немесе call-e-tax@mgd.kz электрондық шағым кітабына немесе ҚР ҚМ СК-і Төрағасының Интернет-блогына.
“СҚО бойынша салық департаменті камеральды бақылау бөлімінің телефондары: 8 (7152) 46-88-75, 50-01-13.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp