«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САХНАДАҒЫ ҰЗАҚ ҒҰМЫР ИЕСІ – Людмила Ванюкованың қуанышы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының әкімшілігі 16-23 қыркүйек күндері аралығында Орал қаласында өткен Әзірбайжан Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XX республикалық фестивалінен кейінгі ойларымен бөлісу мақсатында баспасөз маслихатын өткізді. 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Халық қаһарманы, КСРО және Қазақ КСР-нің халық әртісі, КСРО және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты атанған Әзірбайжан Мәмбетов Погодин атындағы театрда “Қозы көрпеш – Баян сұлу” пьесасын қойған екен. Сондықтан да болар, бұл фестивальға тыңғылықты дайындалған театр труппасы репертуарларының ішінен ойланбастан жас режиссер Тимур Кәрімжанов сахналаған А.Островскийдің “Найзағай” қойылымын көрсеткен.
– Фестивальдің ең басты шарты сахналанатын қойылымдар клас-сикалық шығармаларға негізделуі тиіс еді. Біз фестивальда А.Островскийдің “Найзағай” трагедиясын көрсеттік. Қатысқан 13 қазақстандық драма театрлары арасында “Сахналық ұзақ ғұмыр” аталымының иегері, ҚР халық әртісі Людмила Ванюкова (Турпаян) болды. Бұл театр үшін үлкен мәртебе, – деді театрдың көркемдік жетекшісі Тимур Кәрімжанов.
“Сахналық ұзақ ғұмыр” аталымының иегері атанған Людмила Ванюкова Әзірбайжан Мәмбетовтің асыл жары Хорлан Ықсанқызының фестивальда сыйлаған шәлісін бар сыйлықтардан қымбат көретіндігін айтып, осындай байқаулардың жиі өткізіліп тұруының маңыздылығына тоқталды. 2008 жылдан кейін алғашқы рет фестивальда бақ сынап көрген погодиндіктер еліміздегі театрлардың деңгейін бақылауға мүмкіндік алдық дейді. Осы мүмкіндікті туғызған облыс басшылығына ризашылықтарын айта келе, баспасөз мәслихаты барысында “Найзағай “ қойылымында ойнаған әрбір әртіс фестивальда түйген пікірлерін ортаға салды.
– 126-шы театр маусымы Мұхтар Әуезовтің “Қарагөзімен” ашылмақ. Маусым бойы 26 қойылым сахналанды, оның 6-уы – премьералық қойылымдар, – деді театр директоры Александр Пояркин.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp