«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОЛТҮСТІКҚАЗАҚСТАНДЫҚ САРДАРЛАР СЫНАҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мұрат ҰРҰМХАНОВ,
СҚО ІІД-нің бастығы полиция полковнигі.

Қазақстан Республикасы Президентінің “Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты” деген тақырыптағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Мемлекет басшысы 2012 жылғы 8 сәуірде “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы” Жарлыққа қол қойды. Кезектен тыс аттестаттаудың мақсаты бизнес пен қоғамның қолдауына жауап беретін қазіргі заманғы құқық қорғау жүйесін құруға арналған кадрлық әлеуетті қалыптастыру болды. Әрі құзыретті емес, беделі жоқ лауазымды тұлғалардан арылу, сонымен бірге адал және кәсіби қызметкерлерді іріктеудің тиімді тетіктерін құру, құқық қорғау органдарының кадр саясатын сапалы түрде өзгерту және оған тұрғындардың сенімін арттыру мінеті қойылды.
Аттестаттаудың ең басты мақ-саты қызметкерлердің кәсіби деңгейін анықтау, олардың жаңа сапалық дәрежеге көтерілуіне қол жеткізу болып табылады. Сондықтан сынақтан өтуге тиіс офицерлерге қойылған талап күшті. Олар өздерінің қызметтік міндетін толық күйінде атқаруға мүдделі және солай етуге олардың психологиялық көңіл күйі де, денсаулығы да толық жарамды болуы керек. Бұған қоса әрбір полиция қызметкері Қазақстан Республикасының заңдарын, құқықтық-нормативтік актілерін жақсы білуге тиіс.
СҚО ІІД-де тамыздың 21-нен қыркүйектің 21-і аралығында өңірлік аттестаттау комиссиясының 13 отырысы өтті. Осы уақыт аралығында солтүстікқазақстандық 2187 полиция қызметкері кезектен тыс сыннан өтіп, олардың 1902-сі (86,9%) лауазымдарына сәйкес болып шықты. Жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген 15 сақшы кадрлық резервке енгізіліп, жоғары лауазымдарға тағайындалуға ұсынылады. Комиссия шешімі бойынша 45 (2,1%) қызметкер лауазымына лайық емес деп танылып, төмен лауазымға тағайындалуға ұсынылды. Ал 37 (1,7%) қызметкер лауазымға мүлде сәйкес келмегендіктен, оларды басқа қызметке ауыстыру жөнінде шешім қабылданды. Аттестаттау талаптарынан өте алмаған 188 тәртіп сақшысы лауазымына лайық емес деп танылып, қызметтен босатылды.
Ең алдымен бұл шара ішкі істер органдарының жеке құрамын білікті, адал, өз мамандығын сүйетін қызметкерлермен, адамның құқығы мен заңды мүдделерін жоғары деңгейде қорғауға қабілетті өз елінің патриоттарымен сапалық тұрғыда жаңартуға бағытталды. Бүгінгі күні бізге еліміздің басшылығы және қарапайым тұрғындар үлкен сенім артып отыр. Сол себепті әрбір полиция қызметкері өз халқына, еліне адал қызмет атқарып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жолына бар күш-жігерін салып, сенімді ақтауға тырысуы қажет.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp