«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 05.10.2012

ЖҮРЕК ОНКҮНДІГІ: ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР

Қыркүйектің 30-ы мен қазанның 10-ы аралығында Жүрек ауруларына қарсы күрес онкүндігі өтіп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, жүрек ақаулары Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша өлімнің негізгі себебі болып табылады. Сол үшін әр адам жүрек ақауларының алдын алу үшін өз денсаулығына баса назар аударғаны дұрыс.Жүрек-қантамыр ауруларына шалдығудың бірден-бір себебі – дұрыс тамақтанбау. Майлы …

ЖҮРЕК ОНКҮНДІГІ: ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР Read More »

АРДАГЕРЛЕРІМІЗ ҚАШАН ДА АРДАҚТЫ

Халықаралық Қарттар күні мен Ұстаздар күніне орай қазақ мектеп-гимназиясының мұражай меңгерушісі Айнаш Серікқызының ұйымдастыруымен, сондай-ақ мұражай белсенділерінің ат салысуымен, әсем безендірілген мұражайда он шақты ардагер ұстаздың басы қосылып, оларға сый-қошемет көрсетілді.  Зәуреш ШАКЕНОВА, қазақ мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі. Кездесуге 9,10,11-сынып оқушылары және мектебіміздің жас мамандары қатысты. Жас мамандар қарт ұстаздардан ақыл-кеңес сұрап, іс-тәжірибелерімен бөлісті.Бір-бірімен жүздесіп, …

АРДАГЕРЛЕРІМІЗ ҚАШАН ДА АРДАҚТЫ Read More »

“ҚЫЗЫЛЖАР СУ” ҚАРТТАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ

Облыс орталығын сапалы ауызсумен қамтасыз етуші “Қызылжар су” ЖШС-інде Қарттар күні кәсіпорынның ардагерлерін құттықтау игі дәстүрге айналған. Биылғы жылы да кәсіпорын әкімшілігі мен ардагерлер кеңесі, кәсіподақ төрағасы Баян Қанафиннің мұрындық болуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жалпы 208 ардагерге сый-құрмет көрсетілді. Мереке иелерінің қуанышына олардың әріптестері мен кәсіпорын басшылары да ортақтасты.Ел көлемінде өткізілетін Қарттар күнi мерекесiнiң, Қарттар …

“ҚЫЗЫЛЖАР СУ” ҚАРТТАРЫН ҚҰРМЕТТЕДІ Read More »

ЭТНОБІРЛЕСТІКТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІ ҚАРИЯЛАРЫНА облыстық ассамблеяда қошемет көрсетілді

Қарттар күні мерекесі өңірімізде кеңінен аталып өтуде. “Қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезіңде қауқары қайтып, сақалшашы ағарған кісіге ізет қыл”, деген даналықты ұстанған қоғам аға буынға ықылас, ілтипаттарын айрықша көрсетуде. Осындай ізеттілік танытудан Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы да тыс қалмады.  Арайлым СМАҒҰЛОВА,“Солтүстік Қазақстан”. Бұрнағы күні облыстық ассамблея құрамындағы этнобірлестіктер аға буын өкілдеріне өз …

ЭТНОБІРЛЕСТІКТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІ ҚАРИЯЛАРЫНА облыстық ассамблеяда қошемет көрсетілді Read More »

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАҒЫ САЛТАНАТТЫ КЕШ

Анна КУЧЕРЕНКО,зейнеткер. Облыстық жетім балаларға ар-налған мектеп-интернатта өздерінің ардагер ұстаздарын әспеттеген Қарттар күніне арналған салтанатты кеш өтті. Онда мектеп директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Динара Рақышова бар өмірлерін бала тәрбиесіне арнаған аға ұрпақ өкілдерін мерекелерімен құттықтап, олардың әлі де мектеппен байланыстарын үзбей, ортақ іске ақылшы болып орталарында жүргенін қалайтынын айтты. Салтанатты мерекеде ұлағатты ардагер ұстаздардың …

МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАҒЫ САЛТАНАТТЫ КЕШ Read More »

ҮЙІНЕ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

  Қатран Сұлтанов ішкі істер басқармасында көп жылдар бойы қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Полковник қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы болып тұрған кезінде зейнетке шыққан. Нафиса Сұлтанованың өзі де ішкі істер органдарында қызмет атқарған. Бүгінгі күні құрметті демалыста.Кездесуге ІІД ардагерлер кеңесінің төрағасы Сұраған Көпеев пен ІІД кадр жұмысы басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ғали Мұсақұлов та …

ҮЙІНЕ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ Read More »

САХНАДАҒЫ ҰЗАҚ ҒҰМЫР ИЕСІ – Людмила Ванюкованың қуанышы

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының әкімшілігі 16-23 қыркүйек күндері аралығында Орал қаласында өткен Әзірбайжан Мәмбетовтің 80 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XX республикалық фестивалінен кейінгі ойларымен бөлісу мақсатында баспасөз маслихатын өткізді.  Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, “Солтүстік Қазақстан”. Халық қаһарманы, КСРО және Қазақ КСР-нің халық әртісі, КСРО және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты атанған Әзірбайжан Мәмбетов Погодин …

САХНАДАҒЫ ҰЗАҚ ҒҰМЫР ИЕСІ – Людмила Ванюкованың қуанышы Read More »

ҚАЗАҚСТАНША ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ – БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ

Тоқтар ЗІКІРИН,“Солтүстік Қазақстан”. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің ІІ сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде атап өткеніндей, биылғы жылы Қазақстан сенімді даму үстінде. Ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) өсімі 5,6 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің көрсеткіші 25 мың долларға дейін өсті. Жұмыс істеп тұрған бірқатар өндірісті жаңғырту белсенді жүргізілуде. Жаңа 440-тан астам индустриялық кәсіпорын сомасы 800 миллиард …

ҚАЗАҚСТАНША ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ – БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ Read More »

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – ШЫҒЫС пен БАТЫС АРАСЫНДАҒЫ КӨПІР

Осыдан 6 жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жас ұрпағы сүйіп оқитын туындыға айналған “Қазақстан жолы” атты кітабын шығарды. Бұл еңбекте Тұңғыш Президенттің жаңа мемлекет – егемен Қазақстан Республикасын құрудағы ерен еңбегі баяндалады. Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”. Бүгінде Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына – 21 жыл. Бүкілдүниежүзілік тарих тұрғысынан қарасақ, бұл – қас-қағым ғана сәт. Алайда, жас …

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – ШЫҒЫС пен БАТЫС АРАСЫНДАҒЫ КӨПІР Read More »