«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ЖЕТІМДЕРГЕ ҚАРАЙЛАСТЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушылары ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта болды. “Балалар жайын ұмытпа – алимент төле!” айлығының аяқталуына және жаңа оқу жылының басталуына орайластырылған бұл шараның мақсаты балаларға қайырымдылық көмегін көрсету еді.
Сот орындаушылары оқушыларға кеңсе жабдықтарын сыйға тартты. Сондай-ақ департамент қызметшілері балаларға тәтті-дәмділерін әкеліп, дастарқан жайды.
Мектеп-интернат әкімшілігі қонақтарды жылы қарсы алды. Сыйлықтарға риза болған балалар қонақтарға өздері салған суреттерін сыйға тартты, сондай-ақ өлеңдер оқып, тілектерін білдірді.

Облыстық сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp