«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАРАЗДАҒЫ ТҮРМЕДЕ ОТЫРЫП, петропавлдық зейнеткерді алдаған алаяқ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

СҚО ІІД криминалды полиция басқармасының және Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының жедел уәкілдері облыс орталығындағы зейнеткерлерге қатысты ұялы телефон арқылы алаяқтық жасаған ер адамды анықтады. Күдікті Тараз түрмелерінің бірінде жазасын өтеп жатқандардың бірі болып шықты.  

Жәбірленушілердің біреуі – Петропавл қаласының 75 жастағы тұрғыны Софья Алексеевнаға белгісіз біреу телефон шалып, өзін құқық қорғау органдарының қызметкерімін деп таныстырған. “Біз полиция қызметкеріміз, Сіздің ұлыңыз бір ер адамды қатты ұрып-соққаны үшін ұсталды, бірақ оны жауапкершіліктен құтқарып қалуға болады”, – деген желеумен қариядан 50 мың теңге ақша талап еткен. “Бес минуттан кейін біздің адам келіп, ақшаны алып кетеді, содан кейін балаңыз босатылып, аман-сау үйге келеді”, – деген.
Көп кешікпей, шынында да, пәтер есігіне қоңырау шалынған. Баласы үшін зәре-құты қашқан әйел белгісіз ер адамға бар ақшасын бере салған. Бірнеше сағаттан кейін ғана зейнеткер ұлына телефон соққан. Құрылыста жұмыс істеп жүрген баласының ешқандай криминалдық оқиғаға түспегенін естіген соң ғана, қария алаяқтардың торына түскенін түсінген.
Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларын жүргізіп, ақшаны алып кеткен ер адамды анықтады. Ол қаладағы такси фирмалары бірінің жүргізушісі болып шықты. Айтуынша, сол күні жұмыста жүргенде оған шақыру түскен. Ұялы телефонға қоңырау шалған адам әжесінің жүре алмайтынын, үйден шыға алмайтынын айтып, содан ақша алып, ұялы телефонына аударуды сұраған. Такси жүргізушісі ер адам айтқан мекенжай бойынша келіп, әжейден ақшаны алып кеткен. “Осы қызметім үшін ол маған бес мың теңгесін ал де-ді, ал қалғанын телефон нөміріне аудардым”, – дейді ол.
Арнайы жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері такси жүргізушісіне және зейнеткерге Жамбыл облысынан қоңырау шалынғанын анықтады. Жедел уәкілдер Тараз қаласына іссапарға шығып, алаяқты анықтады. Ол Тараз түрмелерінің бірінде жазасын өтеп жатқан 45 жастағы ер адам болып шықты.
СҚО ІІД криминалды полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ерлан Арынғазиновтың айтуынша, темір тордың ар жағында отырып, жеңіл жолмен ақша тапқан ер адам көбіне зейнет жасындағы адамдарды алдап соқ-қан. Қазіргі кезде ол кінәсін мойындап отыр. Одан ұялы телефондардың СИМ-карталары тәркіленді. Алаяқтық фактілері бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, сонымен қатар сезіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарынан зейнеткерлермен алдын алу әңгімелерін өткізіп, қылмыстың бұл түрі жайында ескертуді сұрайды.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp