«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ – ШЫҒЫС пен БАТЫС АРАСЫНДАҒЫ КӨПІР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Осыдан 6 жыл бұрын Президент Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жас ұрпағы сүйіп оқитын туындыға айналған “Қазақстан жолы” атты кітабын шығарды. Бұл еңбекте Тұңғыш Президенттің жаңа мемлекет – егемен Қазақстан Республикасын құрудағы ерен еңбегі баяндалады.

Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, “Солтүстік Қазақстан”.

Бүгінде Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына – 21 жыл. Бүкілдүниежүзілік тарих тұрғысынан қарасақ, бұл – қас-қағым ғана сәт. Алайда, жас тәуелсіз мемлекет үшін бұл – жасампаздық кезеңі. Осы екі онжылдықта Қазақстан өзінің мемлекеттік дамуының алғашқы нәтижелерін айғақтады. Бұл – серпінді дамып отырған мемлекеттің және Елбасымыз – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осы уақытта қол жеткізген табыстары.
Елбасы аталған кітабында бүгіндері халықаралық сарапшылар ғана емес, сонымен бірге әлемнің іргелі мемлекеттерінің басшылары да Қазақстандағы ре-формалардың ойдағыдай болғанын мойындайтынын, Қазақстанның көшбасшылығы жақсы таңдап алынған саяси-экономикалық үлгіге: күшті президенттік билікке және соған қоса шапшаң да қуатты экономикалық реформаларға негізделгенін, сондай-ақ жаһанның осындай шағын ғана аумағында этникалық және діни ынтымақтың орнығуы елеулі бір дәрежеде Қазақстан жолын нұсқап бергенін атап көрсетті.
Ірі мемлекеттердің басшылары көзделген мақсаттардың жүзеге асырылуындағы Қазақстан жолының маңызы мен Президенттің рөлін осылайша бағалайды. Атап айтқанда, Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан үшін Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент қана емес, тарихи ғаламат тұлға, қазақстандық мемлекеттілікті құрушы екенін, бұл орайда ол бірден-бір тарихи рөлге ие болғанын атап айтты.
Қазақстанның жетістіктері өткен 21 жыл Қазақстан халқының баршаға ортақ табыстарына айналған табанды еңбегінің нәтижесі екенін көрсетті. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жас тәуелсіз елдің мемлекеттік жетістіктерге жетуінің жолында өзінің елеулі тарихи рөлін терең сезіне білгені шешуші мәнге ие болды.
Еуразия құрлығының ортасында орна-ласқан Қазақстанның саяси басшылығы елдің Батыс пен Шығыс арасындағы айрықша дәнекерлік қызметін терең пайым-дады. Батыстың технологиялық және демократиялық жетістіктері Шығыс елінің ұлттық ерекшеліктерімен, мәдениетімен, танымдарымен ұштаса келе, Қазақстан жолының негізін қалады.
Бүкіл кеңестен кейінгі кеңістік үшін өте маңызды бұл стратегияны жүзеге асыру барысында Қазақстан Шығыстың ұлттық діл-әдеп және психологиялық ерекшеліктерін ескере, Оңтүстік-Шығыс Азияның дамуының озық үлгілерін пайдалана отырып, Батыстың саяси және экономикалық технологияларына бейімделу мен оларды іске асырудың тәжірибесін жинатады.
Британ ақыны Рэдьярд Киплинг ХІХ ғасырдың аяғында “Шығыстың аты – Шығыс, Батыстың аты – Батыс. Олар еш уақытта қосылмақ емес!” деп жазған. Ал бүгінгі Қазақстан бұл сәуегейліктің теріске шығарылуының айқын айғағы болып отыр. Батыс пен Шығыс арасында ғасырлар бойы сақталып келген қарама-қайшылық, өкінішке қарай, бүгіндері де ХХІ жүзжылдықтың маңызды мәселесінің бірі болып қалып отыр. Адамзаттың екі ұлы өркениеті бір-бірінің әлеуметтік-мәдени және діни ерекшеліктерін түсінбеуі, түсінгісі келмеуі көп реттерде ұзаққа созылған қарама-қарсылыққа, тіпті, өшпенділікке әкеліп соқтырып отырды.
Осы орайда 130-дан астам этнос пен 46 конфессияның өкілдері ыңшыңсыз тұрмыс кешіп отырған Қазақстан Республикасы бейбіт өмір сүрудің айғағы болуда. Сөйтіп, Қазақстанның Тәуелсіздігінің бүкіл 21 жылы қоғамдық тату-тәттілік пен өзара түсіністіктің таңғажайып тәжірибесін дәлелдейді.
Еуразия құрлығының ортасынан орын тепкен Қазақстан осы жылдарда өз Президентінің ерік-қалауымен неше мәрте Шығыс пен Батыс арасындағы ынтымақтастықтың сан қилы түрлері бойынша бастамашы болды. Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің төрт съезі болып өтті.
Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті ұйымдастырушы болды. Қазақстан Республикасы ЕурАзЭҚ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түріксой (түркі тілдес елдерді біріктіруші халықаралық ұйым) сияқты ірі ұйымдарға басшылық жасаған кезеңде Батыс пен Шығыс арасындағы ынтымақтастық бойынша біраз тәжірибе жинақталды. Бұл өзіндік тәжірибе 2008-2009 жылдарда Азиядағы ынтымақтастық бойынша Үнқатысудағы, ал 2010 жылы ЕҚЫҰ сияқты халықаралық маңызы зор ұйымдағы төрағалық қызметі Қазақстанның ілгерілеушілігі мен жетістіктерін көп ретте негіздеп берді.
Қазіргі кездегі сарапшылар Қазақстанды ТМД үшін “уақыт машинасына”, тіпті, өзге елдердегі саяси және әлеуметтік қайта құруды жүзеге асырудың іс үстіндегі үлгісіне теңейді.
Қазақстан Республикасының алдағы онжылдықтарға “жоғарыдан” жоспарлы түрде жүргізіліп отырған саяси және мемлекеттік жүйесінің жаңғыруы Еуразияның көптеген мемлекеттеріндегі болашақ ауыртпалықсыз қайта құрудың оң үлгісі болып табылады.
Шетелдер сарапшыларының басым көпшілігінің өз көзқарастарындағы пікір үйлесімділігі айтуға тұрарлық: Қазақстан барысы ХХІ ғасырға сәтті секіріс жасады. Жас тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Рес-публикасы – жаһанның барынша серпінді дамушы елдерінің қатарына үлкен екпінмен енді.
Өзінің бойында Шығыс пен Батыстың сипаттарын тоғыстырған жас Еуразия мемлекетінің осылайша қалыптасуында президенттік институттың рөлі мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp