«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ӘСКЕР БАЛАЛАР КӨЗІМЕН”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Республикалық “Әскер – балалар көзімен” атты әскери-патриоттық акция аясында 2012 жылғы қыркүйектің 29-ы күні Ішкі әскер Әскери институтында қала және облыс мектептерінің оқушыларына “Ашық есік күні” ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – әскери кәсіпті насихаттап, жас армияшылардың қозғалысын одан әрі дамыту, жастар арасында қылмыстың алдын алу. Осы күні әскери өмірдің тәртібімен танысуға білім ордасына 200-ден аса оқушы келді.

Руслан ЖАНГУЛИН,
Ішкі әскер Әскери институтының баспасөз хатшысы.

Акцияны ұйымдастыруға Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасының бастамасымен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент және білім басқармасының мамандары ұйытқы болды. Оның аясында оқушылар үшін Отан қорғау кәсібімен танысуға жақсы мүмкіндік туды. “Ашық есік күніне” келушілер ең әуелі әскери техника көрмесін тамашалады. Оның ішінде “БТР-80”, әскери “КамАЗ” және “УАЗ” көліктері балғындардың ерекше ықыласын туғызса, атыс қаруының түрлері де көрмеде алдыңғы орында болды. Макаров тапаншасы мен Калашников автоматынан басқа бұл күні мектеп оқушылары Калашниковтың қол пулеметі, “АГС-17” және снайперлік винтовканы көріп қана қомай, қолдарында ұстап, суретке түсу құқығына да ие болды.
Курсанттар казармасында “Ашық есік күніне” келушілер болашақ офицерлердің тұрмыс жағдайымен танысты. Мұнда олар үшін жақсы жағдай жасалған. Жеке қажеттілік пен тұрмыстық қызмет ету бөлмелерінен басқа казармада психологиялық жеңілдету, демалу, спорт және ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмелері де бар.
Әскери оқу орнының тарихынан сыр шертер білім ордасының мұражайы да саяхат аясынан тыс қалған жоқ. Бұл арада оқушылар Әскери институттың тарихы мен қызметтік іс-әрекетінен, курсанттар мен офи-церлердің дәстүрлерінен мол мағлұмат алды.
Саптық қимыл әр уақыт жауынгерлерді тәртіптілікке, жинақылыққа, шыдамдылыққа үйрететіні аян. Білім ордасына сапар барысында балғындар назарына саптық қимылдарды орындау бойынша карабиншілер өнер көрсетті. Айта кеткен жөн, олар биыл Астана қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскер Қолбасшысының жүлдесі үшін өткен Қарулы Күштер әскери оркестрлерінің байқауында жүлделі орынға ие болған еді.
Спорттық қалашықта оқушылар үшін турникте тартылудан сайыс өткізілді. Бұл сында үздік шыққандар арнайы дипломдарды иеленді.
Саяхат соңында меймандарға Әскери институт шығармашылық ұжымы мен оркестр өнерпаздарының орындауында концерттік бағдарлама ұсынылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp