Қызметін тоқтатқан кездегі жекелеген салық төлеушілері санаттарының салық міндеттемесін атқаруының өз ерекшеліктері бар. Бұл тәртіп қосымша құн салығының төлеушілері болып табылатын және патент негізінде үзіліссіз арнайы салық режімін немесе талап ету мерзімі ішінде, не болмаса жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу сәтінен бастап жеңілдетілген декла-рациялар қолданған жеке кәсіпкерлерге қатысты.
Жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқаны туралы шешім қабылдаған жағдайда бірмезгілде тұрғылықты мекенжайы бойынша салық орга-нына мыналарды тапсырады:
қызметін тоқтатқаны туралы салық өтініші;
тарату салық есебі;
жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік;
мерзімдік баспасөз құралында жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтатқаны туралы ақпарат жарияланымын растайтын құжат.
Салықтарды, жарналарды төлеу салық органына тарату салық есебін тапсырған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізіледі. Салық органы салық төлеушіден қызметін тоқтатқаны туралы салық өтінішін алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өкілетті мемлекеттік органдарға, кедендік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізетін ұйымдарға сұрау салады.
Салық органы барлық деректерді алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей камеральды бақылау жүргізеді, оның нәтижесі бойынша тәртіп бұзушылықтарды көрсете отырып, қорытынды жасайды. Осы қорытынды негізінде салық төлеушіге камеральды бақылау нәтижелері бойынша ашылған тәртіп бұзушылықтарды жою туралы ескертпе жібереді. Оны салық төлеуші, ескертпені алған күннен кейінгі екінші күннен бастап 30 жұмыс күннің ішінде атқаруы тиіс.
Жеке кәсіпкердің салық органындағы тіркеу есебінен шығарылған күні камеральды бақылау аяқталғаннан кейін салық міндеттемелерінің атқарылған күні болып табылады.
Жеке кәсіпкер берешегін жапқан күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей тұрғылықты жері бойынша салық органына мыналарды тапсыруға міндетті:
1) банкте болған шоттарын жабу туралы банктің анықтамасы;
2) жеке кәсіпкердің мөрін жойғаны туралы (ол болған жағдайда) ішкі істер органының құжаты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 5 қаралым
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 7 қаралым
- 21.12.2024
- 3 қаралым
- 21.12.2024
- 1 қаралым