Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.
“Петропавл ауыр машина жасау” АҚ-да мамандардың қатары жылдан-жылға жасарып келеді. Жергілікті өндіріс орындарында білікті кадрлар жетіспеушілігін ескерсек, жастардың техникалық мамандықтарға ұмтылыс танытуы – құптарлық іс. Аталмыш кәсіпорындағы жас қызметкерлердің басым бөлігі – М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ді тамамдағандар. Солардың бірі – Алмас Алдаев.
Оның зауытта еңбек етіп жүргеніне алты жыл. Іргелі кәсіпорынға өз қалауымен келген жас жігіттің еңбексүйгіштігі мен іскерлігін байқаған зауыт әкімшілігі оған акционерлік қоғам есебінен университеттің машина жасау факультетінің дипломын иемденуге қолдау көрсеткен. Енді, міне, Алмас Амантайұлы зауыттағы жоғары білімді, біліктілігі күннен-күнге артып, ысылып келе жатқан таптырмас маман. Ол компьютерлік бағдарламамен қызмет атқаратын станокта жұмыс істейді. Бүгінде оның қадағалауымен пішіліп-кесілген бөлшектердің сапасы ойдағыдай. Жас маман тапсырысты артығымен орындаған сайын, еңбекақысы да көбейіп, тәжірибесі де молая түсуде
СУРЕТТЕ: Алмас АЛДАЕВ.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.