«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАҚЫЛАУ-КАССАЛЫҚ МАШИНАЛАР өз мақсатында пайдаланылуы үшін…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

ызылжар өңірінде сауда орнының жалпы алаңы 47 мың шаршы метрден асатын 53 сауда үйі тіркелген. Онда 1278 салық төлеуші кәсіпкерлік қызмет атқарып жатыр, оның 379-ы немесе 29,7 пайызы – патент негізінде, 722-сі немесе 56,5 пайызы – жеңілдетілген декларация негізінде, 177 салық төлеуші немесе 13,8 пайызы – жалпы белгіленген режімде арнайы салық режімін (АСР) пайдаланады. Сауда үйлеріндегі салық төлеушілер 858 бақылау-кассалық машинаны, оның ішінде 17 постерминалды пайдаланып, өз қызметін жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің кіріс бөлігін пайдалану бойынша ҚР Қаржы министрлігінің алқа жиынында қабылданған шешімді жүзеге асыру үшін 2012 жылы 27 қыркүйекте (бекітілген кестеге сәйкес) облыстық салық департаментінің бастығы Қайрат Жолмұхамбетов “Қазақстанның “Атамекен” Одағы” ұлттық экономикалық палатасы” ОЗТ филиалының, “Солтүстік Қазақстан облыстық тұтынушылар құқығын қорғау бірлестігі” қоғамдық бірлестігі” басшылары Елена Виссаровамен және Надежда Дубоваямен бірге Петропавл қаласындағы “Рахмет” пен “Биғайша” сауда үйлерін аралап шықты. Ондағы мақсат бақылау-кассалық машиналар мен постерминалдардың дұрыс пайдаланылуын анықтау және сатушылардың чек беруін қадағалау болды.
Сауда үйлерінде болған кезде салық төлеушілерге қазыналық жады бар бақылау-кассалық машиналарды міндетті түрде пайдалану керектігі, өйткені чек бермеу шаруашылық субъектілерінің нақты кірісін төмендетуге жағдай жасайтындығы және тұтынушылар құқығын шектейтіндігі түсіндірілді.
Тексеру нәтижесі бойынша ҚР Салық кодексінің 645-бабын бұзудың 20 фактісі анықталды, атап айтқанда, тауарларды бақылау-кассалық машиналарын пайдаланбай беру, сол сияқты тұтынушыларға чек бермеу. Бұдан басқа жалдамалы қызметкерлерді тарту арқылы патент негізінде АСР-ді қолдану анықталды, ол ҚР Салық кодексінің 429-бабын бұзғандық болып табылады.
Сол сияқты салық департаменті жыл басынан бергі 9 айда “Атамекен” одағы және басқа қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен бақылау-кассалық машиналарды дұрыс пайдалану мәселесі бойынша 71 тақырыптық тексеріс жүргізді. Анықталған заң бұзушылық бойынша салық төлеушілерге сомасы 1202,5 мың теңгенің әкімшілік айыппұлы салынды.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Облыстық салық департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp