«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БОДИ-АРТ ДЕЙТІНІМІЗ – ТӘН ӨНЕРІ…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнер мұражайында жұма күні боди-арт бағытындағы көрме өтті.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ, 

“Солтүстік Қазақстан”.

Көрменің авторы Алексей Заечковский – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің дизайн кафедрасының түлегі. Кескіндеме, графика және дизайнмен айналысатын жас суретші 2007 жылдан бері боди-арт бағытына ден қойып, бірнеше көрмеге де қатысып үлгерді.
Ағылшын тілінен аударғанда тән өнері дегенді білдіретін боди-арт бағыты өңірлік өнерсүйер қауымға таныс. Өнер колледжі түлектерінің ұйымдастырған “Тамыз соңы”, “Өз ойын білдірудің түйсігі” деп аталған көрмелері дәл осы бағытқа арналған болатын. Осылайша өңірімізде екінші рет өткізіліп отырған көрмеде 27 фотосурет қойылды. Көрменің авторы болса, жиналғандарға боди-арт өнерінің ерекшеліктерін айтып, шеберлік сыныптарын да өткізіп үлгерді.
Кәмелет жасынан асқандарға арналған тән өнері көрмесін тамашалаймын дегендерге бейнелеу өнер мұражайының есігі ашық.

Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp