«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОСТАНАЙЛЫҚ ЖАСТАР күлкіге қарық қылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Облыстық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығында көңілді және тапқырлар клубының қалалық чемпионаты болып өтті. Орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқушылары мен студенттері Петропавл қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды. Сондай-ақ ойынға Қостанай қаласының, Ресейдің командалары да қатысты.

 

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің, Петропавл Әскери институтының, Омбының жастар құрамалары тамаша ойынымен көзге түсті. Олар бүгінгі күнгі жастар өмірін, қоғамның өзекті мәселелерін әзілге балап, тапқырлықтарымен көрермендердің қошеметіне бөленді. СҚУ колледжінің әзілқой қыздары да өткір қалжыңдарымен көзге түсті. Қостанай қаласының құрамасы арасында көңілді және тапқырлар клубының байырғы мүшелері де аз емес. Олар көрермендерді сахна шеберлігімен баурап алды.
Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды Қостанай құрамасы, екінші орынды Омбы КТК-шылары жеңіп алды. Үштікті Әскери институт командасы қорытындылады. СҚУ колледжінің қыздары көрермендер көзайымы аталымына лайық деп танылды.
Суреттерді түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp