Дәурен НҰРАХМЕТОВ,
Тимирязев аудандық ауыл шаруашылығы және
ветеринария бөлімінің бастығы.
Үстіміздегі жылы біздің облыста 2000 басқа шақталған мал бордақылау алаңдарын ашу, 500 бас асылтұқымды репродуктор бұқалар алу және 3400 басқа арналған фермерлік шаруашылықтар құру міндеті қойылып отыр.
Осыған орай облыс әкімі Серік Біләлов Тимирязев ауданы шаруашылықтарына 1000 бас ірі қара сатып алуды тапсырған болатын. Асылтұқымды малдың үлес салмағы жылдан-жылға артып келеді. Бүгінде бұл тапсырма 94 пайызға орындалды, яғни 944 бас ірі қара сатып алынды. Сонымен бірге ауданның өзге де шаруашылық құрылымдары асылтұқымды ірі қара сатып алуды одан әрі жалғастыруда.
“Ірі қара етін экспорттаудың әлеуетін арттыру” жобасына 2011 жылдың өзінде ауданымыздың 14 шаруа-фермерлік қожалығы қатысса, олардың 8-і “Аграрлық несиелік корпорация” АҚ арқылы 32 млн. теңге несие алып, мемлекеттің мал шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған “Сыбаға” бағдарламасы бойынша етті мал сатып алып, өз несібелерін көруде. Мысалы, “Салтанат” ШҚ 17 млн. теңгеге – 89, ал “Райымбек және К” ФҚ 15 млн. теңгеге 80 аналық мал басын сатып алды.
“Қаржылай қолдау қоры” АҚ арқылы “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 30,2 млн. теңгенің несиесі беріліп, оған “Мерк” ШҚ 3 млн. теңгеге 23 бас сиыр мен қа-зақтың асылтұқымды бір ақбас бұқа, “Бірлік” ШҚ 3 млн. теңге қаражатқа 29 сиыр, “Азамат” ШҚ 7,5 млн. теңгеге 44 бас сиыр мен асылтұқымды бір бас ақбас бұқа, “Абдрахманов” ШҚ 5 млн. теңгеге 35 бас, “Хамзин” ШҚ 3,2 млн.-ға 17 бас сиыр мен асылтұқымды ақбас бұқа, “Куцеволов” ШҚ 8,5 млн. теңгеге 50 бас мал сатып алды.
Егер де несие қаражатына аудан бойынша 364 бас ірі қара мал алынса, ал шаруашылықтардың өз қаражаттарына 580 бас мал сатып алынды.
Биылғы жылы мал басын көбейту үшін ауданымыздың 13 шаруа қожалығы “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” акционерлік қоғамының қаржы жүйесі арқылы 65,9 млн. теңге көлемінде несие алды. Олар “Омаров” ШҚ – 2 млн. теңге, “Қыпшақпаев” ШҚ – 2 млн., “Фили-пов” ШҚ – 3 млн., “Жолдаяқов” ШҚ – 8 млн. теңге, “Бірлік” ШҚ – 3 млн. теңге, “Аман и К” ФҚ – 2,6 млн. теңге, “Ной-Север” ЖШС – 13 млн. теңге, “Родник” ЖШС – 2 млн. теңге, “Малик және К” ЖШС – 12,5 млн. теңге, “Залевский” ШҚ 8 млн. теңге, “Каз-бек” ШҚ – 3,5 млн. теңге, “Бекзат” ШҚ – 3 млн. теңге, “Жұпар” ШҚ – 3,3 млн. теңге. Бар қаражатқа 314 бас ірі қара мал мен 20 бас бұқашық сатып алынды.
Жалпы алғанда етті мал тұқымының өнімділігін жақсарту үшін аудан бойынша несиелік қаражатқа 696 бас, оның ішінде 87-сі асылтұқымды ірі қара мал сатып алынса, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 70 млн. теңгені құраған өз қаражаттарына 382 бас ірі қара мал алынды.
Сонымен қатар мал басын асылдандыру бойынша бар жағдайды жасау қажеттігін жете түсінген “Кит” ШҚ, “Ной-Север” мен “ҚазАстықөнім” ЖШС-лері мал қораларын салып жатса, “Мерк Наталья Викторовна”, “Куцеволов” шаруа қожалықтары мен “Райымбек және К” ФҚ мал қораларын қайта қалпына келтіруде.
2012 жылдың 1 тамызындағы дерек бойынша аудандағы ірі қараның 11 пайызын асылтұқымды қара мал құрап отырғандығына қарамастан, әлі де түбегейлі шешілмеген бірқатар мәселелер бар. Бұл ретте, әсіресе, жаңа туған төлдерді қажетті ақуызбен қамтамасыз ету үшін мал азығын дайындау, мал бордақылау кешендерін салу және дәнді дақылдар түрлерін кеңейту және т.б. мәселелер өткір тұр.
Осы мақсатта аудан бойынша 5,5 мың гектар мал азығы егілсе, “Мичуринский” және “Уақ және К” серіктестіктері 4,5 мың гектар алқапқа біржылдық шөп, 1,646 мың гектарға көпжылдық шөп өсірді.