«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ОНОМАСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ ОРТАҒА САЛЫНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше Петропавлда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің ұйымдастыруымен “Өңірлердегі ономастика мәселелері: елді мекендердің дәстүрлі тарихи атаулары” тақырыбында республикалық “дөңгелек үстел” өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов, белгілі ғалымдар, ономастика комиссияларының мүшелері, тіл басқармаларының басшылары мен тіл мамандары қатысты. Жиын тіл комитеті төрағасының орынбасары Шерубай Құрманбайұлының төрағалығымен өтті. 

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Өткен ғасырларда қазақ даласына төнген отаршылдық езгі мен тоталитарлық режімнің салдарынан қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы мен болмыс-бітімін сипаттайтын көптеген елді мекендердің атаулары өзгеріске ұшырап, ұмыт бола бастады. “Дөңгелек үстел” басына жиналғандар тарихи атауларды қалпына келтіру мәселесін шешудің жолдарын қарастырды. Әсіресе, солтүстік өңірлерде байырғы тарихи атаулар көп өзгеріске ұшыраған. Тәуелсіздік жылдарында облысымыздағы 50-ден астам елді мекеннің өз атауы қалпына келтірілген. 22-сінің транскрипциясы түзетілген. Дегенмен, кеңестік кезеңнен орысша атауға ие ауылдар әлі де аз емес.
Республика бойынша елді мекендердің 40 пайызы орыс тілінде аталады екен. Мәселен, Еуразия Ұлттық университетінің доценті Жазира Ағабекованың айтуынша, тарихи себептерге байланысты әр жерде Ленин, Маркс, Энгельс сияқты атаулар қаптап кеткен. “Дөңгелек үстел” басында ауылдарға кісі есімін беру әдетіне тоқтау салынуы тиіс деген де пікір айтылды. Кейбір облыстарда тұрғындарының басым бөлігі қазақтар бола тұра, Макинка, Степняк, Степногорск сияқты елді мекендер орысша атауларын әлі күнге дейін өзгертпеген. Қазір республика бойынша 1579 ауыл кеңестік заманда алған атауынан арылмай келеді. Бұл жағдай, әсіресе, солтүстік өңірлерге тән. “Николаевка, Петровка, Мичурино, Михайловка сынды елді мекендердің тарихи атауын қайтаратын уақыт жетті”, десті “дөңгелек үстелге” жиналғандар.
Суреттерді түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp