«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰРТҚА ҰНАЙ БІЛЕДІ, жақсылық қана тілегі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында қызмет атқарып келе жатқан ұялы байланыс операторларының саны 8-ден асады екен. Атап айтқанда, азды-көпті “Kcell” (Актив, Vegaline), “Beeline” (Дос сауда белгісі) және шведтердің Tele2-сі және CDMA стандартындағы “Pathword/Dalacom” ұялы байланыс желісі қызметін қолданатын еліміздің азаматтары қаражатына қарай тарифтік жоспарды таңдайды. Ендеше бүгінде қандай ұялы байланыс операторы, қандай тарифтік жоспар тиімді деген заңды сауалға жауап іздеп көрелік.
Олардың қайсысына сұраныс көп және қайсысын көп қолданамыз деген сауалға келгенде, алғашқы орында “Ксеll” және “Beeline” компаниясы тұратынын жақсы білеміз. Қазіргі уақытта байланыс операторларының саны көп болған сайын бәсекелестік туындайтыны анық. Жаңадан қанатын жайып келе жатқан шетелдік “Теле2” байланыс операторы барлық бағытқа минутына 8 теңге ұсынып, барлығына қоңырау шалу тарифтік жоспарымен көпшіліктің көңілін аударғаны сол еді, бұрыннан келе жатқан “Ксеll” мен “Beeline” сияқты компаниялар өздерінің бағаларының жоғары болуын жөн көрмеді.
Еліміздегі бәсекелестік ортаны қалыптастыруға және Қазақстан телекоммуникация нарығын дамытуға қосқан үлесі, ауыз толтырып айтарлықтай ұялы байланыс операторларының бірі – “КаР-Тел” ЖШС-нің (“Beeline” бренді) орны ерекше. ТМД елдерінде туыс немесе достары бар тұтынушыларға “Достастық” немесе “Көршілер” тарифтік жоспарын, тек өз қызметін пайдаланатындар үшін “Достар 2”, “Бәріне жетімен”, “Сенімді төлем” тарифтік жоспары, балаларға арналған “Токи-Ток” тариф- тік жоспары, “Жаса – жарқын жандар бірлестігі” бағдарламасы, USB-модем және тағы да басқа тарифтерді қосып, еліміздегі 7 жылдық тарихында небір тиімді тарифтік жоспарлар мен ұтымды қызметтерін ұсынып келген “Beeline” ұялы байланыс операторы таяуда жастарға арнап барынша тиімді “Free style” тарифін іске қосты. Бәсекелестерінен қалыспаудың қамын ойлаған оператордың жаңа тарифтік жоспарының бір ерекшелігін атап өтелік: ең бастысы – бұл тегін сөйлесу мен еркін қарым-қатынасқа арналған “Beeline”-нің абоненттік төлемсіз тегін тарифтік жоспары. Бәрі қарапайым: теңгеріміңізді толтырсаңыз болғаны, бір апта бойы достарыңызбен және жақындарыңызбен үнемі қарым-қатынаста боласыз. Қашанда бірлікке жарымай жүретін жастар үшін таптырмайтын аталмыш тариф ешқандай абоненттік төлемді қажет етпейтіндігімен өзіне тартып тұр. “Beeline” нөмірлеріне соғылған қоңырау теңгерімді 7 күнде бір рет 490 теңгеге немесе 30 күнде бір рет 1890 теңгеге толтырғанда желі ішінде нөл теңгені құрайды. “Beеline” желісі ішінде соғылған қоңыраудың алғашқы минуты 9 теңге болса, екінші минуттан бастап 1 теңге ғана жұмсайсыз. Әрине, мұндай мүмкіндік өзге операторларда да бар деуге болады. Бірақ та “Free Style” тарифтік жоспары ертеден кешке дейін Интернеттен шықпайтын жас буынға mail.ru Agent, vkontakte, facebook сияқты ғаламтор қызметтерін енді, тіпті, тегін пайдалануға мүмкіндік берді. Мұнымен шектелмеген оператор мобильді Интернет бағасын төмендетіп отыр. Атап айтқанда, түнгі он екіден таңғы алтыға дейін баржоғы 3 теңге ғана жұмсалады. Тариф жоспарына ауысқан адам 500 теңге бірлік салса, оның шотында 490 теңге қалып, бұл қаражатты “Beeline”-нің барлық қызметтеріне жұмсауға болады және де тәулігіне тегін 100 минут беріледі.
Дәл осындай тиімді тарифтік жоспарды енгізіп отырған “Beeline”-нің елімізде тез танылатын әрі үлкен сұранысқа ие болған және миллиондаған қазақстандықтардың өміріне ендеп кірген брендтің біріне айналуы тегін емес. Миллиондаған тұтынушыларына мобильді байланыс, үйдегі Интернет, мобильді Интернет, роуминг, ЗG және т.б. тарифтер мен қызмет түрлерін ұсынып келген “Beeline” соңғы 7 жыл ішінде еліміздегі абоненттік базасын ұлғайтып, оның саны 6 миллион адамнан асқаны – соның дәлелі. Сонымен қатар Қазақстанда бірінші болып 3G сынақ аймағын іске қосып, бұрынғы кеңестік елдер аймағында төртінші ұрпақ байланысының сынақ аймағын жа-саған да – “Beeline” компаниясы.
Қазақстандағы алғашқы күнінен бастап әлеуметтік салада да белсенділік танытып, ауыр науқасты балаларды емдету үшін “Балаларға өмір сыйла!” атты жобаны іске асырып келген “Beeline” ұялы байланыс операторы абоненттеріне өз деңгейінде көңіл бөліп, алдағы уақытта да жаңа технологиялар мен инновациялық қызметтерді іске қосып, тиімді тарифтерімен қуанта береді деп үміттенеміз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp