«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКАТЕРИНА ГУДЗЕР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өзге ұлт балалары мен жастар арасында “Мемлекеттік тіл – мәртебеміз” республикалық байқауы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитетінің тапсырысы бойынша биыл 5 қазанда Астана қаласында “Ұлттық прогресс үшін” жас мамандар кеңесі” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл байқаудың облыстық кезеңінде І орынды иеленген Жамбыл ауданының Озерное орта мектебінің 10-сынып оқушысы Екатерина Гудзер, ІІ орын иегері Шал ақын ауданы Приишим орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сергей Кошелев облыс намысын қорғады.

Гүлмайда МҮСЕТАЕВА,

білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері.

Байқауға барлық өңірлерден екі оқушыдан жалпы саны 30 үміткер қатысты. Олар 14 жасқа дейінгі балалар және 15-22 жас аралығындағы жастар болып екі топқа бөлінді. Олардың білімін бағалаған қазылар алқасының құрамында білім саласының білікті мамандары, белгілі ғылым және мәдениет қайраткерлері болды.
Байқауға қатысушылар өзін-өзі таныстыру, мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша сұрақ-жауап, көркемсөз оқу, фильмді немесе мультфильмді дыбыстық өңдеу, өнер көрсету сайыстары бойынша бағаланды. Осы байқауда Екатерина Гудзер жүлделі ІІІ орынды олжалады. Қатысқан балалардың барлығына Алғыс хаттар, сыйлықтар табыс етілді.
Байқау бағдарламасы бойынша үшінші күні балалар Астана қаласының айшықты орындарына, мұражайларына саяхат жасады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp