«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЖАС МҰҒАЛІМ МЕКТЕБІ” АШЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Білім берудегі ақпараттық технологиялар және әдістемелік жұмыс орталығының бастамасымен Петропавл қаласындағы тәрбие және дамыту мәселелері жөніндегі базалық №23 орта мектеп негізінде облыстың жас мамандары үшін “Жас мұғалім мектебі” ашылды.

Ләйла ЖАНЫСОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Жас мамандарға арналған семинарға облыстың барлық аудандарынан қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті және бастауыш сыныптарының еңбек өтілдері үш жылдан аспайтын мұғалімдері шақырылды.
– Шараны ұйымдастырудағы мақсат – өздігінен білім алуға өз-өзін жетілдіруге дайын жас педагогтердің тұлғалық-адамгершілік және кәсіби-құндылық бағдарлары сапасын, көзқарастарын дамыту, жас мамандарға тәжірибелік көмек көрсету. Семинарда оқу, тақырыптық, сабақ жоспарларын, бағдарлама жасау, “Назарбаев Зияткерлік мектептері” тәжірибесін негізге ала отырып, еліміздің жалпы білім беретін ұйымдарының оқыту үдерісіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу мәселелері қарастырылады, – деді ақпараттық технологиялар және әдістемелік жұмыс орталығының директоры Гүлнар Арықбаева.
Семинар барысында ақпараттық технологиялар және әдістемелік жұмыс орталығының әдіскерлері мен қалалық мектептердің жаңаша жұмыс істейтін тәжірибелі мұғалімдері шеберлік сыныптарын көрсетті. Жас мамандарды ісқағаздарын жүргізу жолдарымен классикалық гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жоғары санатты мұғалімі Күлбаршын Есмұқанова таныстырды. Тәрбие және дамыту мәселелері жөніндегі базалық №23 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің бірінші санатты мұғалімі Анар Сыздықова өз сабағында ақпараттық технологияларды қолдану тәжірибесімен бөлісіп, оны пайдалану тәсілдерін слайдтар арқылы көрсетті.
– Жаңа технологиялардан өзіме қажеттіні алдым. Мұндай шаралар еңбек жолын жаңа бастаған жас ұстаздар үшін қажет. Қазір білім саласы 12 жылдық білім беруге дайындалып жатқан шақта педагог қауым жаңаша білім беру үдерісінен кеш қалмауға тиіс, – дейді Ақжар ауданындағы Бестерек орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беретін Салтанат Қожағұлова.
Суреттерді түсірген
Амангелді БЕКМҰРАТОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp