«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕГЕН ДЕРТ ЖҰҚПАСЫН ДЕП оны айыптаймыз және сақтандырамыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Болат ҚОЖАХМЕТОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Алдыңгүні “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында “Жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру. БАҚ-тың рөлі” деген тақырыпта шара өткізілді. Әріптесіміз Ақләйлек Жаукина жүргізген бұл шара брифингтен басталды. Оған “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Марат Омаров, экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаменті басқармасы бастығының орынбасары Расул Мұстафин және облыстық “Азаматтық альянс” бірлестігінің төрағасы Сергей Худяков қатысты. Олар облыстық және аудандық газеттердің өкілдері болып табылатын журналистердің сұрақтарына бір сағат бойы жауап қайтарды.
Одан кейін тікелей журналистердің семинарына кезек берілді. Онда жемқорлық деген дерт жұқпауы үшін оны айыптайтын және жұртты сақтандыратын журналистер қамысқа тиген өрттей өршіп тұрған осы бір мәселеге қарсы күрес жолында қанатымен су сепкен қарлығаштай қарекет жасап жүргендерін айтты. Бір әріптесіміз: “Оң қолын жүрек тұсына қойып тұрып, Гимнімізге қосылатын шенеуніктердің сол қолымен пара алатыны масқара ғой!”– деді. Міне, осындай екіжүзділікке жол бермеу үшін адалдықтың ақ туы жығылмауы үшін қаламымыз бен микрофонымызды ұстап, күресе беруіміз керек.
Бұл шараны өткізген “Азаматтық альянс” бірлестігі осы айдың аяғында жемқорлыққа қарсы күрес туралы үлкен форум өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp