«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Нұр Отан” ХДП облыстық филиалында “Әділет кеңес береді” деген тақырыпта республикалық акция өтіп, оның аясында тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді. Облыстық әділет департаменті ұйымдастырған шара “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының қолдауымен өтті. Оған партия белсенділері, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің оқытушылары мен студенттері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. 

Гүлбике ТӨЛЕБАЕВА,
“Солтүстік Қазақстан”.

Мұндай акция бірінші рет ұйымдастырылып отырған жоқ. Оның барысында әдеттегідей көмек сұрап келген жеке және заңды тұлғаларға білікті құқықтық ақыл-кеңес беріліп, заңнама нормалары түсіндірілді. Мәселен, жиналғандарға әділет департаментінің электронды порталынан кез келген ақпаратты алу мүмкіндігі бар екендігі айтылды. Қазіргі таңда АХАТ органдары Интернет арқылы электронды түрде азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама беріп, тууды, неке қию немесе оны бұзуды тіркеу туралы өтініштер қабылдай алады. Тек үстіміздегі жылы портал арқылы облысымыздың АХАТ бөлімдеріне 245 жұп арызданып, некеге тұруға ниет білдірген. Бүгінде әділет органдары Онлайн режімінде 17 қызмет түрін көрсету үстінде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp