«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОНЦЕРТТІК МАУСЫМ АШЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сенбі күні Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында облыстық филармонияның 48-інші концерттік маусымының ашылу салтанаты өтті. 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.

Концерт оркестрлер айтысымен басталды. Сахна төрінде батыс пен шығыстың үн қатысуы ретінде симфониялық-концерттік және “Есіл” халық аспаптар оркестрлері белгілі классикалық туындыларды айтыс мәнерінде орындады. Симфониялық-концерттік оркестр И.Дунаевскийдің “Капитан Гранттың балалары” фильмнен увертюра ойнаса, “Есіл” халық аспаптар оркестрі Құрманғазының “Серпер” күйінен үзінді шертті. Оркестрлер “Руслан және Людмила” операсының увертюрасы, “Шалқыма” күйі, “Фигароның үйлену тойы” операсынан увертюрасы, “Ақ сиса” әнінің әуенінен кейін екі оркестр Моцарттың “Рондо” шығармасын орындады.
Бар сән-салтанатымен басталған концерт филармонияның жанынан құрылған “Шабыт” атты этнотоптың орындауындағы Дәулеткерейдің “Көрұғлы” күйімен жалғасты. Көрермен камералы хор, “Дала-саунд” вокалды квартеті, “Азия-саунд” тобы, “Әлқисса” фольклорлық ансамблі, “Қызылжар” халық музыка ансамблі, эстрада және джаз музыка оркестрі мен өңірлік әншілердің орындауындағы әндерді тыңдай алды. “Туған жер” және “Әдеміау” би ансамбльдері де маусымның ашылуына тыңғылықты дайындалғаны бірден-ақ көрінді. “Әдемі-ау” қазақ би ансамблі кәріс, түрік және ұлттық билерден сахналанған көріністер қойса, “Туған жер” халық би ансамблі орыс, беларусь және қазақтың “Қара жорға” атты ұлттық биін биледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp