«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨРКЕМӨНЕР САЛАСЫНДАҒЫ 35 ЖЫЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жұма күні облыстық бейнелеу өнері мұражайында көркемөнер лицейінің мерейтойына арналған көрме өтті. 

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,
“Солтүстік Қазақстан”.

1977 жылы қазығы қағылған лицейде қазіргі таңда 14 педагог қызмет етіп, 550-ден астам оқушы білім алады. Лицей дәстүрлі көркемсурет пәндерімен қатар интерьер дизайны, костюм дизайны, фитодизайн, керамика, көркемдік әшекейлеу мамандықтары бойынша түлектер дайындайды. Көп жылғы еңбектің нәтижесінде лицей қабырғасынан көптеген дарынды шәкірттер түлеп ұшты. Олар әлемдік деңгейдегі түрлі сайыстар мен байқауларға қатысып, жүлдегер атанды. Ресей, Польша, Чехия, Үндістан, Франция, Литва, Жапония және тағы басқа елдерде өткізілетін байқауларға үнемі қатысып отыратын лицей 2007 жылдың наурызында шығармашылық іскерлігі үшін лицейге ЮНЕСКО клубының мәртебесі берілді. 2009 жылдың желтоқсаны да лицей үшін жемісті болды. “Балалық шақтың досы” атты бірінші Ұлттық байқауда “Ең үздік қосымша білім беру мекемесі” аталымы бойынша лицей үздік деп танылды.
Балаларға көркемсурет дағдыларымен қатар, эстетикалық тәрбие беретін лицейдің түлектері мен оқушылары жиналған көрмеге өңіріміздің суретшілері қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Оқушылар болса, көрмеге өздерінің үздік туындыларын қойып, мерейтой иесін осылайша құттықтады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp