Жол полицейлері Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында қыз баланың “Оpel” автокөлігін айдап әкеткен 45 жастағы ер адамды ұстады.
Автокөлік техникалық қызмет көрсету станциясынан жоғалған. Жәбірленуші қыздың айтуынша, ол көлігін жөндеу мақсатында станцияға келген. Автослесарь “темір тұлпарыңызды” екі сағаттан кейін алып кетіңіз” деп, жөндеуге кіріскен. Ал клиент белгіленген уақытта ТҚС-ға келген кезінде көлігін де, автослесарьді де таба алмаған.
Жол полицейлері хабар түсісімен, іздеуге шығып, жаңағы жігітті Саумалкөлден алыс емес жерде қолға түсірген. Жүргізуші мас екен ол, тіпті, көліктің кузовын зақымдап үлгеріпті. Күдікті клиент кетіп қалған соң, көлік ақауын тез арада түзеп, қыдырып қайтпақшы болыпты. Көрші Лавровка ауылына соғып, танысымен бірге арақ ішкен. Саумалкөлге келе жатқан тұсында жол полицейлері кезіккен.
Автокөлік иесіне қайтарылды. Қазір күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Іс жеңілдетілген сотқа дейінгі өндіріс бойынша аяқталатын болады.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp