Құрметті солтүстікқазақстандықтар!
Облыстық ауа райын болжау орталығының дерегі бойынша облыс аумағында 2012 жылдың 17 қазанынан 18 қазанына қараған түн жауын-шашынды (қар аралас жаңбыр) болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетіп, ауаның температурасы түнде 0-8 градус суықтыққа дейін төмендеп, күндіз 2-10 градус жылылықты көрсетеді.
Осыған байланысты ҚР ТЖМ-нің облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті жұртшылыққа қалыпты өмір сүруді қамтамасыз ету мен төтенше жағдайлардың алдын алу үшін мынадай шараларды орындауды ұсынады:
– өз қызметіңізді ғимараттарда болатындай етіп ұйымдастырыңыз;
– балаларды ерекше бақылауға алыңыз;
– елді мекендерден тысқары жерлерге шығуды шектеңіз;
– осы ақпаратты көршілеріңізге жеткізіңіз, сырқат адамдар мен қарияларға көмек көрсетіңіз.
СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 8 қаралым
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 9 қаралым
- 21.12.2024
- 5 қаралым
- 21.12.2024
- 2 қаралым