Айыртау ауданының екі ауылында дүкен тоналды. Ұрылар кіргенін дүкен иелері таң ата анықтаған.
“Ирина” дүкенінен ақша, азық-түлік пен ішімдік жоғалған. Екіншісінде азық-түлік қана қолды болған. Ұрылар ескі киімдерін осы арада жаңасына ауыстырып, тастап кеткені қылмысты бірден ашуға жәрдемдесті. Жігіттердің бірі орман арасынан табылды. Үш тұрғын дүкен тонау үшін өздерімен бірге керек-жарақтың бәрін алып шыққан. Бірінші дүкенге кірген кезде мұнда спирттік ішімдік сатпайтынын байқап, келесісіне бет алыпты. Қажеттісіне ие болған соң орманға келіп, ішімдік ішкен. Біреуі ұйықтап қалғанда, қасындағылары басқа ауылға жол тартқан.
Үш күдіктінің біреуі бұрын сотталған. Бұл қылмыс бойынша оның үстінен тағы бір іс қозғалып отыр. Төменгі Бұрлық ауылының екі тұрғыны ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.
СҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 21.12.2024
- 8 қаралым
- 21.12.2024
- 10 қаралым
- 21.12.2024
- 9 қаралым
- 21.12.2024
- 5 қаралым
- 21.12.2024
- 2 қаралым